Анонс
Super User

Super User

Шымкентте кәдесыйлар көрмесі өтті

Бөлім:  Көрмелер
Сенбі, 05 Қыркүйек 2015 23:33

Шымкентте өнердің сан түрін меңгерген шеберлер ұлттық бұйымдар мен көздің жауын алар кәдесыйлар көрмесін өткізді, деп хабарлады 24kz тілшісі.

Таразда археологтар бұрынғы базар орнынан әйелдің әшекей бұйымдары салынған құмыра мен басқа да бағалы заттар тапты, деп хабарлады khabar.kz сайты.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде музей ашылды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада елордада орналасқан Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов төрағалық ететін комиссия мүшелері тарихи-мәдени мұра нысандарының жағдайын сөз етіп, оларды сақтау мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына биыл 100 жыл толды. Ғасырлық тарихы бар мәдени орын құнды жәдігерлерге бай. Солардың бір парасын музей қызметкерлері  жұртшылық назарына ұсынды, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұланты шайқасы» диорамасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» РММ мен «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалы бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының Ата Заңына – 20 жыл» атты құжаттық көрмесін өткізді.

Павлодар облысы Павлодар ауданына қарасты Мичурин ауылындағы балалар үйінің 70 жылдық тарихы бар. Бүгінде мекеме басшылығы 1945 жылдан бастап аталмыш балалар үйінен түлеп ұшқан азаматтардың тізімін жасап, музейлерінің қорын толықтырып жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Польша үкіметі фашистердің «алтын пойызының» табылғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлады 24KZ арнасы.  

JoomShaper