Конференцияның мақсаты – Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең зерделеу, ақынның шығармашылығы мен ой-толғамдарын қазіргі заман тұрғысынан қайта пайымдау, Абай ілімінің ұлттық сананы қалыптастырудағы, білім мен тәрбиедегі, тұлға дамытудың мәдени-философиялық негізі ретіндегі орнын айқындау. Сонымен қатар, абайтану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау арқылы жас зерттеушілер мен ғылым жолындағы ізденушілердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Конференцияға қатысушылар – отандықәр алуан ғылым салаларының мамандары: әдебиеттанушылар, тіл мамандары, мәдениеттанушылар, философтар, тарихшылар, абайтанушы-ғалымдар, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан т.б. алыс жақын шет елдер ғалымдары.
Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ, түрік, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Абайтанудың өзекті мәселелері;
2. Абай және әдебиеттану, тіл білімі мәселелері;
3. Абай және дүниетаным: мәдени-философиялық мәселелер;
4. Абай және елтаным: тарихи-саяси аспекті;
5. Абай және заманауи білім беру мәселелері.
Өтетін уақыты:2025 жылғы 9 тамыз.
Салтанатты пленарлық мәжілістің басталуы:10.00.
Өтетін орны: Шәкәрім университетінің «Үш анық» конференц-залы.
Пленарлық мәжілістің басталуы:14.30.
Өтетін орны:Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің акт залы.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылғы 30 шілдеге дейін ұйымдастыру комитетінің a.smagulova@shakarim.kz электронды поштасына төмендегі құжаттарды жіберу қажет:
- белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім (№1 қосымша);
- талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама (№2 қосымша).
Құрметті авторлар!
Талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар жинаққа енгізілмейді. Тезистер авторлық редакцияда басылады және қосымша түзетуден өтпейді. Өрескел қателіктер болған кезде конференцияның ұйымдастыру комитеті баспа басылымының сапасына жауап бермейді және жұмысты жарияламауға құқылы.
№1 қосымша
Тапсырыс беру үлгісі
Аты-жөні (ТОЛЫҚ) |
|
Қызметі |
|
Ғылыми дәрежесі, атағы |
|
Жұмыс орны |
|
Секция (конференция бағыты) |
|
Байланыс телефоны |
|
№2 қосымша
Ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге арналған талаптар
- формат – А4 беті
- мәтіндік редактор – Word 6,0 (7,0)
- шрифт – Times New Roman, Kz Times New Roman, символ мөлшері – 12 пт.
- жоларалық интервал – бір
- барлық шеттері – 20 мм
- абзац – стандартты (1,25 см)
- Ең жоғары жолдың сол жағынан ҒТАМР (Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаты) қойылады. Сіз ҒТАМР кодын мына веб-сайттан ала аласыз: WWW.GRNTI.RU.
- Келесі жолдың ортасынан автордың аты-жөні, тегі жартылай қара шрифтпен.
- Келесі жолдың ортасынан ұйымның аты.
- Келесі жолдың ортасынан ел, қала, электронды почта.
- Келесі жолдың ортасынан БАС ӘРІПТЕРМЕН жартылай қара шрифтпенмақаланың тақырыбы жазылады.
- Әдебиеттер тізімі – МЕСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделеді. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер текше жақшаларда үтір арқылы рәсімделеді [1], [2, 3].
- Ұсынылатын мақала көлемі 4 беттен кем емес.
Мәтінді рәсімдеу үлгісі
ҒТАМР: 17.01.83
Б.Т.Бекежанұлы
Шәкәрім университеті
ҚР, Семей қ., b.be444444@gmail.com
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ
Мәтін...
Әдебиеттер