Музейде құнды жәдігерлерді қалпына келтіруге арналған шеберхана мен кітаптарды сақтайтын арнайы бөлмелер бар. Сондай-ақ, ғылыммен айналысушыларға және суретшілерге арналған орындар да қарастырылған.
Музейде көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі археологиялық, этнографиялық жәдігерлер мен мәдени ескерткіштер жинақталған.
Музейдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:
– Қармақшыдай қасиетті топырақта музей мен кітапхананың болмауы ұят. Сондықтан осындай зәулім ғимаратты салдық. Бұл руханияттың ордасына айналатын болады. Тәуелсіз елдің патриоттары көптеп шығуына тілектеспін, - деді.