
Super User
Әлемнің үздік музейлерінің рейтингі жарияланды
Нью-Йорк қаласындағы әйгілі «Метрополитен» өнер музейі 2015 жылдың ең үздік музейлерінің көшін бастады. Бұл рейтингті жасаған «TripAdvisor» туристік қызметінің сарапшылары болатын. Олар туристердің пікірімен, таңдауымен ақылдаса келе, Нью-Йорктегі «Метрополитен» музейін үздік деп тауыпты, деп жазады kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музей Қызылорда облысында акция өткізеді
ҚР Ұлттық музейі 2015 жылғы 25 қыркүйекте Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылады
Бүгін Астанадағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақстан суретшілерінің графикалық көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музейдің «Тарихи фотосуреттер» байқауы жалғасуда
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жариялаған «Тарихи фотосуреттер» республикалық байқауына фотосуреттер қабылдау жалғасуда. Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.
Испаниялық музейде Қазақстанға арналған зал ашылады - А.Муро
Таяуда елордада Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция өтіп, оған Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениетін зерделеу және ілгерілету қорының президенті, этнография докторы Кармен Арнау Муро арнайы қатысқан еді. Орайы келгенде ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген К.А.Муро Қазақстанды өз зерттеулері аясына қосудағы жоспарларымен бөлісті.
Мысыр музейінен манускрипт кітап табылды
Бельгиялық ғалымдар реттелмеген мұрағат арасынан ең ұзын мысырлық манускрипт тапты, оның жасы 4 000 жылды құрайды, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.
Ғалымдар Африкадан Homo naledi атты ежелгі адам сүйектерін тапты
Ғалымдар Оңтүстік Африканың «Жаңа туып келе жатқан жұлдыз» үңгірінен Homo naledi атты ежелгі адамның белгісіз түрінің сүйектерін тапты, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.
В.Салахов: Археологиялық жұмысты күшейту үшін тарихи жерлерге жол салған жөн
Археологиялық жұмысты күшейтіп, тарихи жерлерге жолдар жасау керек. Бұл туралы Көкшетауда «Ұлы дала елі» экспедициясы барысында BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Әзербайжан мәдени бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, тарихшы, ғалым Видади Салахов айтты, деп жазады BNews.kz тілшісі.
Алматы метросында жолаушылар мозаикадан жасалған суреттерді тамашалады
Алматы метросында монументалды жанрдың «Нұрлы жол өнер жолы» көрмесі ашылды. Мәдени шараны Алматы күні айлығына орай Алматы әкімдігі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы, «Метрополитен» МКК, ҚР Суретшілер одағының өнер музейі ұйымдастырды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.
Абылай ханның оңтүстік өңірдегі ордасы болған орны анықталып, ғылыми негізде дәлелденді. Бұл соңғы кездері археологтар тапқан үлкен жаңалық болып тұр, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.