
Super User
Освенцим музейіне келушілер саны 1 миллионнан асқан
Освенцим музейі келушілер саны бойынша жыл рекордын жаңартты, деп жазады The Jewish Chronicle сайты.
Сақ ханшайымының мүрдесі табылған жерде музей кешені ашылуы мүмкін
Осыдан 2 жыл бұрын Үржар маңынан сақ ханшайымының мүрдесі табылған болатын. Қазба жұмыстарының жетекшісі, Павлодардағы педагогикалық институттың архелогиялық зерттеулер орталығының директоры Тимур Смағұлов сақ ханшайымының мүрдесі табылған жерде болашақта туристерге арналған музей салуға болатынын айтады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
«Алтай – алтын бесік» халықаралық экспедициясы өз жұмысын бастады
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданындағы Қарақаба жазығында «Алтай – алтын бесік» халықаралық экспедициясы өз жұмысын бастады, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.
Елімізде ауқаттылар тарихи ескерткіштердің жанында туыстарын жерлеуді сәнге айналдырды
Тарихи ескерткіштердің жанында туыстарын жерлеу бай-манаптардың арасында сәнге айналған, - деп хабарлайды "Алматы"телеарнасы. Әсіресе, 550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығының қалыптасуына өзіндік үлесін қосқан билер мен қолбасшылардың жанында мұндай зираттар көбейіп кеткен.
Павлодар облыстық көркемөнер музейі қолөнер шеберлерін іздестіруде
Павлодар облыстық көркемөнер музейімен серіктес болатын қолөнер шеберлері тапшы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы мекеме директорының орынбасары Елена Дубовая хабарлады.
Павлодар облысында ескерткіштер мен мемориалдық тақталар есептеледі
Павлодар облысында жыл соңына дейін ескерткіштер мен мемориалдық тақталардың бірыңғай базасы құрылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірдегі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаева хабарлады.
Алтын орда дәуіріне жататын тостаған табылды
Азовта жергілікті өлкетану музейінің археологиялық экспедициясы XIV ғасырдағы ірі қолөнер кешенін қазды. Мұнан табылған жәдігерлердің ішіндегі бірегей керамикалық тостаған ғалымдар назарын аудартып отыр, деп жазады inform.kz.
Ұлттық музейдің қызметкерлері АҚШ-та тәжірибеден өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметкерлері Америка Құрама Штаттарында көшбасшылықтың «Мәдени мұраны сақтау» халықаралық бағдарламасына қатысты. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-қа қалай жетті?
АҚШ-тың Метрополитен өнер институтының музейіне Алтын Орданың атақты ханы Махмұд Жәнібектің дулығасының қалай келіп түскені анықталды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі таратты.
Бүгін – археологтар күні. Археология - тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.