Көрмеге Ташкент қаласындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен және Нүкіс қаласындағы Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінен келген, сонымен қатар Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған 78-ге жуық кескіндеме және графика туындылары қойылады.
Экспозиция – Орал Таңсықбаевтың өмірі, оның драмаға толы шығармашылық тағдыры мен шебердің қолтаңбасының күрделі эволюциясы туралы, бастапқы кезеңдердегі модернистік эксперименттерден бастап, терең символизм мен философиялық мағынаға толы монументалды пейзаждарға дейін кеңінен таныстырады.
Көрмеде О.Таңсықбаевтың орыс авангардының және француз модернистерінің ықпалын көрсететін алғашқы туындыларына ерекше назар аударылады. Экспонаттар арасында атақты «Күрең күз» (1931), «Автопортрет» (1935) картиналары, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі туындылар мен «жеңілдік» кезеңінің көрнекті пейзаждары ұсынылады.
Көрме Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 2-қабатында орналасады және маңызды мәдени оқиға ғана емес, ұлы суретші мұрасын зерделеудің жаңа бастамасы болмақ.
Көрме 2025 жылғы 1 маусымға дейін жалғасады. Кураторы – Зельфира Трегулова, өнертану кандидаты.