Сали Оразбайұлының 70 жыл бұрын жылқы терісінен жасаған қауғасы мен шығырын Шетпедегі Серікбол Қондыбайдың музейінің «Маңғыстаунама» атты экспозициясына қою жоспарланған.
Маңғыстаулық Сали Оразбайұлы 1948 жылы құдықшылар бргидасына қабылданып, 1982 жылға дейін Маңғыстау өңіріндегі су шаруашылығы саласында қызмет еткен. Оның басшылығымен су тапшылығы бар жерлерде су көздері ашылып, құдықтар тазартылып отырған. Арнаулы білімі болмаса да мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан халық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізген жұмыстарының нәтижесінде Арал теңізінің батыс бөлігі, Шалқар жерлеріне дейінгі ел ықыласына бөленген.