Анонс


Ұлытауда аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды

Бейсенбі, 26 Маусым 2025 18:52
Ұлытауда аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлытау облысы Ұлытау ауданында тарихи-өлкетану музейінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, қоғам қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Рысқали Қалиәкпарұлы Әбдікеров, Ұлттық тағамтану академиясының президенті Алмаз Төрегелдіұлы Шарман және өзге де зиялы қауым мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Шара аясында «Joshy» qazaq national group» этно-фольклорлық ансамблі шеберлік сағатын өткізіп, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен өнер көрсетті.

Жаңа музейдің ішінен келушілер мынадай экспозициялық залдармен таныса алды:

          •         «Қазақтың ұлттық аспаптары» залы;

          •         «Көне Ұлытау» залы;

          •         «Өлке тарихы» залы;

          •         «Академик Т.Шарманов кабинеті».

Музей Ұлытау облысының Ұлытау ауданы Ұлытау селосындағы Б.Бұлқышев көшесіндегі 14 үйде орналасқан.

192 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper