«Музейдегі серуен» деп аталатын шара барысында өткен ғасырға саяхат жасалды. Сол кезеңдегі киім үлгілерін киген қыз-жігіттер, тұрмыс-салт жабдықтары, ас-тағам мәзірі жергілікті халықтың көне тірлігін көз алдыңа әкеледі. Қолөнер туындыларының жәрмеңкесі, түрлі ұлттық ойындар, цирк қойылымдары жиналған жұртшылықтың көңілін көтерді. Музей қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар өлке тарихына терең үңіліп, рухани мәдениетін жете тануға үлкен сеп болмақ.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 100 жылдығын атап өтуде
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2015 11:19
KAZMUSEUM.KZ -
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына биыл 100 жыл толды. Ғасырлық тарихы бар мәдени орын құнды жәдігерлерге бай. Солардың бір парасын музей қызметкерлері жұртшылық назарына ұсынды, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.