Кеңес аясында музейлердің электронды дерекқорын құру, артефактілер және құжаттармен алмасу, бірлескен көрмелер ұйымдастыру, сондай-ақ мәдени құндылықтардың заңсыз айналымымен күрес мәселелері талқыланды. Қатысушылар ортақ ғылыми альманах пен электронды журнал шығаруды мақұлдады.
Ресми түрде құрылған Орталық Азия Ұлттық музейлері кеңесі аймақ музейлерінің ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған жаңа алаңға айналып отыр. Кездесу барысында тараптар Кеңестің алғашқы бірлескен жобаларының бірі ретінде «Орталық Азияның 100 жауһары» кітабын шығаруға келісті.