Анонс


Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мәселелері талқыланды Таңдаулы

Бейсенбі, 03 Қыркүйек 2015 11:17
Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мәселелері талқыланды KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада елордада орналасқан Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов төрағалық ететін комиссия мүшелері тарихи-мәдени мұра нысандарының жағдайын сөз етіп, оларды сақтау мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жыл сайын қалада тарихи және мәдени нысандардың, түрлі монументтердің саны артып келеді. Бүгінгі таңда елордада 46, соның ішінде екі республикалық маңызды тарихи және мәдени ескерткіш бар.

- Тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалану көп жұмысты қажет етеді. Осы міндетті атқару үшін Қазіргі заманғы өнер музейінің базасында «Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы» құрылды. Оған ғылыми жұмыстардан басқа барлық шаруашылық функциялар, соның ішінде қажет болған жағдайларда реставрация да жүктелді, – деді Болат Мажағұлов комиссия отырысында сөйлеген сөзінде.

Әрине, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында тарихи ескерткіштердің жағдайына ерекше назар аудару керек. Қазірден бастап шетелдік делегациялар мен туристер үшін экскурсиялар дайындап жатқан түрлі мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінен өтінімдер түсіп жатыр.

Көптеген тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандар ондаған жылдар бойы пайдаланылып келеді,олардың бәрі де аса құнды, өйткені бұл – Қазақстанның тарихы, сондай-ақ, еліміздің өсімі мен жетістіктерінің белгісі болып табылады.

Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия консультативтік-кеңестік орган болып табылады, оның құзыреттілігіне тарихи және мәдени нысандарды ескерткіштер деп тану, осы мәртебеден айыру, сонымен қатар оларды пайдалану, қорғау, есепке алу жатады.

                

2710 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper