Анонс
Super User

Super User

Алматыдағы «Ғылым ордасы» РМК-нің Сирек кездесетін кітаптар музейінде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Абай музейінің әкімшілігіне сілтеме жасап.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Түрікменстан Бейтараптылығының 20 жылдығы аясында «Түрікмен суретшілерінің әлемі»атты көркем өнер туындылары көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Музей тақырыбы қалай насихатталып жатыр? Түрлі халықаралық форумдарда, түрлі жиындарда осы мәселе сөз болады. Барлығы өз ойын айтып, музей тек жәдігерлерді сақтаушы орын ғана емес, халықтың көңілін көтеріп, назарын аударатын, танымын кеңейтіп, ерекше әсер сыйлайтын да міндетті қатар алуы керек дейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2015 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясын өткізеді. 

Мәжілістің жалпы отырысында  палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады ҚазАқпарат. 

Республикалық «Қазархеология» ғылыми орталығының қызметкерлері Тараздағы орта ғасырлық қала орнынан күні бүгінге дейін қолданыста болған ою-өрнектер мен дәйекті деректер табылып жатқа­нын айтады. Бұл табылған жәдігерлерден көшпенділердің қолтаңбасын тайға таңба басқан­дай анықтауға болады. Құнды жәдігерлер зерттеліп, тексерілген соң «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық музейіне сақтауға беріліп, Қазақ ханды­ғының 550 жылдығы мерейтойында көпшілік назарына ұсынылмақшы.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ә. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары Лебяжі ауданындағы Бөрлі қонысындағы кезекті маусымдық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы pavlodarnews.kz тілшісі С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақтың даңқты қолбасшыларының бірі, 12 рулы Керейдің шеруші руының ұраны болған Байтайлақ батырды еске алуға арналған көлемді шара өтпек. 

Әрбір тасы өткен ғасырдан сыр шертетін Еуропа мемлекеттерінде аттап басқан қадамың тарихи жәдігерге тұнған музейге толы. Соның бірі бүгінгі заманауи өзгерістерге бой алдырмай, ертедегі архитектурасын сол қалпында сақтап, кірген бойда орта ғасырда жүргендей әсерде қалдыратын мекен – Еуропаның жүрегі саналатын Чехия  астанасы – Прага. 

Шығыс Қазақстан өнер музейінде өскемендік сәндік-қолданбалы өнер шебері Ольга Оленбергтің жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

JoomShaper