
Super User
Тәуелсіздік сарайының көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы бабалар жолы» атты суреттер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге келушілер ҚР халық суретшісі Ә.Ысмайылов және елімізге белгілі суретшілер К.Муллашев, Е.С.Айтуаров, И. Ачилов, С. Смағұлов, Н.А.Терещенко, А.Баяндин, М.С.Байтеновтың туындыларымен таныса алды. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде қолөнер шеберлері Б.Әлібай және Т.Г.Мукашевтің жұмыстары қойылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматыдағы Сирек кездесетін кітаптар музейінде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының Болгарка ауылында этнографиялық музей үйі ашылды
Ақтөбе облысындағы Алға ауданына қарасты Болгарка ауылында осыдан бір ғасыр бұрын қоныс аударған болгар ұлтының ұрпақтары тұрады. Этнографиялық музей үйі осы жергілікті болгарлардың құрметіне орай ашылып отыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
М.Әбусейітова: Тарих пәні балабақшадан бастап оқытылуы керек
Ғалымдар Қазақстан тарихын мектептен бастап емес балабақшадан бастап оқытуды ұсынды, деп жазады khabar.kz сайты.
«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Ақтауға келді
«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Ақтауда жалғасын тапты, деп жазады khabar.kz сайты.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлы дала елі» экпедициясы жолға шықты
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлы дала елі» экпедициясы жолға шықты, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.
Астанадағы музей-кешенде қымыз мерекесі өтеді
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында ұлттық сусын – қымыз мерекесі атап өтілмек. «Қымызмұрындық» деп аталатын шара ертең, 11 қыркүйекте «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazmuseum.kzтілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған еңбектердің тұсакесері өтеді
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Археологтар Шыңғысханның қабірін табуы мүмкін
ХХI ғасырда археологтар жаңа технологиялардың көмегімен көптеген тарихи сұрақтарға жауап бере алады. Мұндай пікірді National Geographic жорналына берген сұхбатында белгілі америкалық археолог Фредрик Хиберт айтты, деп жазды inform.kz тілшісі.
ШҚО-дағы аудан орталығында Абайға ескерткіш орнатылды
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының орталығы Глубокое кентінде «Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйген» ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының кеудемүсіні тұғырға қонды. Хәкімнің бюстімен бірге өзге ұлт өкілдері молынан шоғырланған ауданның орталығында қазақтың рухы асқақтады.