Анонс


Қырғызстан музейлері туралы деректер жарияланды

Жұма, 23 Мамыр 2025 23:23
Қырғызстан музейлері туралы деректер жарияланды KAZMUSEUM.KZ -  

Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті елдегі музейлерге қатысты қызықты деректерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі КАВАР-ға сілтеме жасап.

Қырғызстан музейлерінің қазіргі келбеті:

- 2024 жылы республикада 68 музей жұмыс істеген.

- Барлық музейде 237 мыңнан астам экспонат ұсынылған.

Ең көп экспонаттар орналасқан өңірлер:

- Бішкек қаласы — 75 мың экспонат.

- Ыстықкөл облысы — 41 мың.

- Ош қаласы — 34 мың.

Музейге келушілер статистикасы (2024 жылғы деректер):

- Барлығы 955 мың адам музейлерді аралаған.

Келушілердің ең көп үлесі:

- Ош қаласы — 34%-дан астам.

- Бішкек қаласы — 29%-дан астам.

- Чу облысы — 10%-дан астам.

- Ыстықкөл облысы — шамамен 8%.

Мәдени-ағартушылық іс-шаралар:

- 2024 жылы елде 35 миллионнан астам экскурсия өткізілген.

- 915 мыңнан астам дәріс оқылған — олар елдің тарихи және мәдени мұрасына арналған.

 

Фото: "Спутник-Кыргызстан" агенттігі

16 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper