Атқарушы кеңестің жасырын дауыс беруі нәтижесінде ICOM-ның президенті болып Альберто Гарландини мырза сайланды. Ол осы уақытқа дейін ICOM-ның вице-президенті қызметінде болған еді.
Суай Аксой президенттік мандатын тапсыру сәтінде ICOM мүшелеріне алғыс білдіріп, жаңа президентке сәттілік тіледі.
ICOM Kazakhstan ұжымы Суай Аксой ханымға музей ісінде демократияны, саналуандылықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, жаңа президент Альберто Гарландини мырзаға табыс тілейді.