Анонс


«Нұр Отан» партиясы ел назарына құжаттық көрме ұсынады

Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2015 09:27
«Нұр Отан» партиясы ел назарына құжаттық көрме ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» РММ мен «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалы бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының Ата Заңына – 20 жыл» атты құжаттық көрмесін өткізді.

Мұрағаттық құжаттар мен материалдар көрмесінің негізгі мақсаты –қоғамның және мемлекеттің Негізгі заңын дайындау және қабылдау тарихын құжаттық негізде көрсету болды.

Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының (Қазақстан Республикасының Конституциясы), Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорларынан құжаттардың түпнұсқалары ұсынылды.

Көрме құжаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылау мен  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылдың 30 тамызында өткен мемлекетіміздің Негізгі заңын қабылдау жөніндегі республикалық референдумды өткізу және ұйымдастыруна, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шыққан мемлекеттің Негізгі заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жөніндегі заңдарға арналған.

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясын дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің, республиканың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, тарихшы-ғалымдар, мұрағаттанушылар, қоғам өкілдері және қала қонақтары қатысты.

Көрмені 2015 жылдың қыркүйек айының соңына дейін сағ. 10.00-17.00 аралығында барлық азаматтар тамашалай алады. Кіру тегін.

5146 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper