Анонс


ICOM: Мұсылман елдерінің музей ісіне қызығушылығы артып келеді

Жұма, 01 Шілде 2016 12:25
ICOM: Мұсылман елдерінің музей ісіне қызығушылығы артып келеді KAZMUSEUM.KZ -  

Халықаралық музейлер кеңесі (ICOM) өз жұмысының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты кеңестің ресми бюросына сілтеме жасап.

Жұмыс қорытындыларына арналған баяндамада мұсылман елдерінің музей ісіне қызығушылығы артып келе жатқандағы атап өтілген.

"Сауд Арабиясы ресми түрде Халықаралық музей кеңесіне (ICOM) мүшелікке өтті. Енді Иордания мен Бахрейн және Өзбекстан осы ұйымға мүшелікке өтуге дайындалып жатыр. Осыдан 2 ай бұрын бұл ұйымға Иран мүшелікке қабылданған болатын"- делінген баяндамада.

Сондай-ақ, ICOM-ның есебінде статисикалық мәліметтер де келтірілді.

"Бүгінгі уақытта ICOM-ға әлем бойынша 36 мыңнан астам азамат дербес мүшелікке өткен. Әлемнің 120 мемлекеті бұл ұйымға ресми түрде қабылданған. Жергілікті деңгейдегі (ИКОМ филиалдары) ұйымдарға 14 мыңнан астам музей қызметкері мүше ретінде тіркелген. Институциональдық мәртебе бойынша 215 мекеме енген", - деп хабарлады атқарушы бюро.

ИКОМ соңғы 2 жылда Солтүстік Америка мен Африкадағы ықпалын күшейтті.

Айта өтейік, 3-9 шілде күндері Миланда ICOM-ның 70 жылдық мерейтойлық конференциясы өтеді.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

  

5088 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper