Анонс


Жәдігерлерімен бірге 1945 жылы жоғалып кеткен пойыз табылды

Жексенбі, 30 Тамыз 2015 14:36
Жәдігерлерімен бірге 1945 жылы жоғалып кеткен пойыз табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Польша үкіметі фашистердің «алтын пойызының» табылғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлады 24KZ арнасы.  

Басқыншылар осы отарба арқылы Кеңес әскері келгенге дейін тоналған құнды заттарды тасыған. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, аталған пойыз Валбжих қаласының жер астынан георадарлардың көмегімен табылған. Шенеуніктер азаматтарға отарбаны өз бетінше іздеп әуреге түспеуді ескертуде, себебі пойыз миналанған болуы мүмкін.

«Мен платформаларды, зеңбіректерді көрдім. Мұның бронды пойыз екеніне еш күмән жоқ. Біз онда тек жәдігерлер ғана емес, сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қауіпті заттар да болуы мүмкін деп топшылаймыз. Сондай-ақ бізге бұрыннан белгілі, бірақ жоғалды деп есептелген архив құжаттары да табылып қалуы ғажап емес», - дейді Польша Мәдениет министрлігінің Тарихи олжалар бөлімінің басшысы Петр Жуковский.

Аты аңызға айналған бұл пойыз 1945 жылы шойын жолда келе жатып, белгісіз себептермен жоғалып кеткен. Тамыздың басында поляк билігіне жергілікті тұрғын мен Германия азаматы хабарласып, отарбаның қайда екенін анық білетіндіктерін айтқан. Олар тиелген құнды заттар бағасының 10 пайызын берген жағдайда тауып береміз деп шарт қойған. Польша үкіметі осы сый-ақыны төлеуге келіскен еді.

2994 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper