Анонс


Тараз қаласынан қазынаға толы құмыра табылды

Жұма, 04 Қыркүйек 2015 15:07
Тараз қаласынан қазынаға толы құмыра табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Таразда археологтар бұрынғы базар орнынан әйелдің әшекей бұйымдары салынған құмыра мен басқа да бағалы заттар тапты, деп хабарлады khabar.kz сайты.

Ескі шаһар орнында қазба жұмыстары екі жыл бұрын жүргізіле бастаған. «ҚазАрхеология» ғылыми орталығының қызметкерлері орта ғасырдағы қаладан күні бүгінге дейін қолданыста болған ою-өрнектер мен дәйекті деректер табылып жатқанын айтады. 

«Ал алтын бұйымдардан көшпенділердің қолтаңбасын тайға таңба басқандай анықтауға болады», - дейді.

Құнды жәдігерлер зерттеліп, тексерілген соң  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық музейіне сақтауға беріледі.  Бұл ғылыми табыстар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көпшілік назарына ұсынылмақшы. 

 «Сол жерде тағы күміс табақ сияқты бұйым табылған. Оюларды қарасаңыз, өзіміздің қошқармүйіз сияқты оюлар. Яғни мына қала ежелден келе жатқан көшпенділердің қаласы», - дейді «ҚазАрхеология» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері  Орынбай Ошанов.

4209 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper