Анонс


«Серікбол Қондыбай мұралары және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді

Сейсенбі, 29 Сәуір 2025 10:40
«Серікбол Қондыбай мұралары және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2025 жылғы  05-08 тамызда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерейлі жылы аясында өтетін «Серікбол Қондыбай мұралары және түркі әлемі»  атты  IV халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияның мақсаты: Арғықазақ мифологиясын зерттеудің негізін салушы, артына мол ғылыми еңбектер қалдырған, біртуар ғалым  Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және оның түркі дүниесіндегі өзіндік орнын айқындау.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

  1. Серікбол Қондыбайдың шығармашылық мұрасы  және  көшпелілер өркениетінің жаһандық әлемдегі  орны;
  2. Серікбол Қондыбай шығармашылығы: білімді бодандықтан босату жолы;
  3. Мифтің ақпараттық, коммуникациялық, тарихи және саяси-мәндік қызметі.

Конференция жұмысына ғалымдарды, өлкетанушыларды, докторанттар мен магистранттарды, ізденушілерді, мемлекеттік қызметкерлерді, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде онлайн/оффлайн форматтарда жүргізіледі. Конференцияда пленарлық, секциялық мәжілістер ұйымдастырылады.

Конференция баяндамалары 2025 жылғы 05 шілдеге дейін қабылданады. Конференция материалдары жинағы кітап түрінде және  электронды форматта жарық көреді.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша  түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Ақтау қаласы, 130000, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы. Электрондық нұсқа міндетті. Е-mail: konbal55@mail.ru

190 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper