Атырауда өткен брифинг барысында Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың мәлімдеуінше, жобалық-сметалық құжаттаманың барлығы толық дайын. Бұдан бөлек, жоба мемлекеттік сараптамадан сәтті өткен.
— Құжаттар құрылыс жұмыстарын бастауға толық дайын. Қазіргі таңда қаржыландыру көзі нақтыланып жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары биыл басталуы тиіс, — деді ол.
Егер барлық жұмыс жоспарға сай жүзеге асса, Нұрсая тұрғындары үшін жаңа тартылыс орталығы пайда болады. Бұл — өңір тарихымен танысып қана қоймай, көлемді концерттерге, көрмелер мен түрлі мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін кең ауқымды мәдени кеңістік болмақ.
Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ
