«ICOM-ның 2016-2019 жылдар аралығындағы президенті лауазымына түркиялық үміткер Суай Аксой сайланды. Ұйымның вице-президенттігіне қытайлық Лайшунь Эн мен италиялық Альберто Гарландини бекітілді. Атқарушы бюроға Доминикан, Корея, Аустралия, Бразилия, Финлияндия, Германия, Мексика, Италия, Замбия, АҚШ және Ұлыбритания өкілдері мүше ретінде қабылданды.
ICOM-ның жаңа президенті Суай Аксой осы уақытқа дейін Түркияның музей ісі саласына зор үлес қосқан. Түркиядағы музей комитетін басқарған. Ал, ICOM-ды 2013-2016 жылдары басқарған бұрынғы президент Ганс Мартин Хинц (Германия) бұл лауазымнан босатылды», делінген хабарламада.
Айта өтейік, әлемдегі музейлердің қызметі Халықаралық ИКОМ-ға бағынышты. ИКОМ (International Council of Museums, ағылшын. ICOM) 1946 жылы Парижде құрылды.