Анонс


«Есік қорымы» және «Рахат қонысы» ескерткіштерінің шекаралары қайта бекітілді

Жұма, 07 Ақпан 2025 01:19
«Есік қорымы» және «Рахат қонысы» ескерткіштерінің шекаралары қайта бекітілді KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы 17 желтоқсан күнгі №372 Қаулысымен «Есік қорымы» және «Рахат қонысы» (ерте темір ғасыры, б.д.д. VII – б.д. XІ ғ.) тарихи және мәдени ескерткіштерінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары қайтадан бекітілді (Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 желтоқсан күні №6196-05 тіркелді). Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Есік» мемлекеттік мәдени-тарихи музей-қорығы хабарлады. 

«Есік қорымы» қорғау аймағы - 269 га, құрылыс салуды реттеу аймағы – 305 га, табиғат ландшафты аймағы – 342 га. Жалпы көлемі – 917 га. Қорғау аймағында 114 оба анықталып отыр. «Рахат қонысы» қорғау аймағы – 51 га., құрылыс салуды реттеу аймағы – 64 га., қорғалатын табиғат ландшафты аймағы – 78 га., жалпы көлемі – 193 га.

 

Алматы облыстық мәслихатының 2013 жылы 09 тамызда №21-133 «Есік» музей-қорығы» тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын (қорғау аймағы - 398 га, жалпы көлемі - 1137,5 га., 80 оба) бекіту туралы (Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 06 қыркүйекте №2446 болып тіркелген) шешімі 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №288-VІ ҚРЗ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылдануына байланысты Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылдың 8 тамызындағы № 24-120 шешімімен күшін жойған еді.

Бір ескерер жайт, 1998 жылдан бастап ескерткіш орналасқан аумақтағы жер телімдері әртүрлі себептермен жеке меншікке және шаруа қожалықтарына беріліп кеткен еді. 2013-2022 жж. аралығында «Есік» музей-қорығы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде аталмыш жерлердің 92% мемлекеттік жер қорына қайтарылғанын ескерсек жоғарыда біз айтып өткен Қаулы еңбегіміздің ақталып, «Есік» музей-қорығының негізгі объектілерінің бірі – «Есік қорымы» және «Рахат қонысы» тарихи-мәдени ескерткіштері қорғау аймағының қайта бекітілуі ескерткіштерді сақтау, қорғау, зерттеу жұмысының ұтымды жүргізілуіне мүмкіндік беріп қана қоймай тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ісін қарқынды жүргізуге, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты белсене қолдауға да өз септігін тигізеді.

 

Қосымша мәліметтерді мына сілтемеден көруге болады:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V24D0619605

 

164 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper