
Super User
Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда № 12466 болып тіркелді.
Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай іс-шара өтеді
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 2021 жылғы 16 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған іс-шара өтеді.
«Ұлы Дала Елі» орталығы - Түркістанның мақтанышы
Еліміздің рухани орталығы – Тұран жұртының астанасы саналатын Киелі де қасиеттті Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде өмір сүре бастағанына міне 3 жылдан асты. Осы уақыт ішінде қала өмірі, қала тұрғындары мен қонақтарының тарихқа, туризмге деген көзқарасы және мәдени мұраларға деген қатынасы едәуір өзгерді. Түркістанды түлетуге құштар жандар көбейді. Түркістан күн санап өзгере бастады. Қаншама жаңа әкімшілік ғимараттар, тарихи-мәдени орталықтар, зәулім-зәулім тұрғын үйлер, ойын-сауық алаңдары, саябақтар, су бұрқақтар бой көтерді. Осындай мәдени ғимараттардың бірі де, бірегейі «Ұлы Дала Елі» орталығы.
«Рухани қазына – 2021»: Музей саласының үздіктері анықталады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен биыл төртінші рет мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Юрий Пастухов - Бор тауларының сырын ашқан палеонтолог
Ел үшін еңбек етіп, тер төккен қажырлы, қайратты азаматтарын қай елде болсын көкке көтеріп, қадірлеген. Өлкемізде палеонтология саласын дамытуға еселі үлес қосып, аянбай еңбек еткен ардақты азаматтарымыздың бірі өлкетанушы Ю. А. Пастухов еді.
Тарихи-мәдени құндылықтарымыздың киелі мекені Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі бүгінгі таңда жас ұрпаққа құнды мұралар мен тарихи ескерткіштер арқылы тәрбие мен білім беруге арналған орынға айналып отыр.
Қазақтан шыққан тұңғыш дипломатқа арналған Нәзір Төреқұлов музейі 2006 жылғы қараша айында қоғамдық негізде Нұрмахан Назаровтың басшылығымен Түркістан қаласындағы Саттар Ерубаев музейінде арнайы бөлме болып ашылған.
«Жас археолог» үйірмесінің жетістіктері (ФОТО)
Ақтөбе облысының Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық Өнер және өлке тарихы музейі мен Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы арасындағы меморандумға сәйкес, 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап «Жас археолог» үйірмесі жұмыс істеп келеді.
Музей-заповедник «Танбалы» один из двух памятников Республики Казахстан, внесенных в Список всемирного наследия ЮНЕСКО.
Сегізсәулелі маржандардың тасқа айналған табиғи қалдықтары (ФОТО)
Қазақстанның 300-ден астам аймағынан ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтары табылған болса, 80 жылдық тарихы бар Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен музейдің Палеонтология бөлімшесі қорларында жинақталған 8000-нан астам палеонтологиялық коллекциялардың Атырау өлкесінен табылуы өлкемізде алып жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік еткендігінің бірден-бір дәлелі.