
Super User
Музей қорындағы палеонтологиялық коллекция ерекшеліктері
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қайта жасақталған Табиғат залы экспозициясындағы өлке аумағында табылған палеонтологиялық қазба байлықтарының маңызы өте зор. Әлемдік музейлер тәжірибесінде палеонтологиялық жәдігерлер есебінен келушілер саның арттыра елдің туристік имиджін көтеру жұмыстары кеңге қойылған.
Ақтөбе облыстық музейінің «Музейдегі түн» шарасын өткізу тәжірибесі
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің тер төге еңбектенуінің нәтижесінде көпшілікке үлкен әсер тудырған музей түнін өзге музейлерге үлгі ету мақсатында 18 – мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастыру жобасын ұсынып отырмын.
Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейіне 30 жыл (ФОТО)
Ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейіне 30 жыл толды. Назарларыңызға мерейтойлық мақаланы ұсынамыз.
«Анаға құрмет» галереясы ел игілігіне берілді (ФОТО)
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында «Анаға құрмет» галереясы ел игілігіне берілді. Анаға құрмет музейінің жанынан бой көтерген екі қабатты галереяның құрлысы 2020 жылдың қыркүйек айында басталды. Жалпы алаңы 254,4 шаршы метрді алып жатқан ғимарттың бірінші қабатында «жылжымалы көрме» залы мен әкімшілік орналасқан. Екінші қабат толығымен галереяға ыңғайластырып салынған.
Әлия Молдағұлованың эксклюзивті суретінің сыры
Биыл ел Тәуелсіздігіне — 30 жыл. Тәуелсіздігіміздің арқасында талай жоғалғанымыз табылды. Кеңестік Одақ кезінде және республикалық деңгейде мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар, көптеген таралымдармен шығарылған кітаптар таралып, түсірілген кинолар көрсетілуде. Бүгінгі күні әлемді жайлаған індет кезінде де, әлеуметтік желілер арқылы батырларымыз ұлықталып, тарихымыз насихатталып келеді.
Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған көрме ашылды
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Сапар орталығында «Қазақ даласының батыры – күш атасы Қажымұқан» тақырыбында көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Есік» қорық-музейінде «Армандар орындалады!» фотокөрмесі ұйымдастырылды
18-мамыр халықаралық музейлер күні қарсаңында әйгілі археолог, сақ қорғандарының шырақшысы – Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің туғанына 86 жыл толуына орай «Есік» қорық-музейінде «Армандар орындалады!» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
12 мамырда «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 12 мамырдан бастап мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалін ашық деп жариялайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Қазіргі қоғамдағы музей: жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық конференция өтеді
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 185 жылдығына орай «Қазіргі қоғамдағы музей: жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық онлайн конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Үздік ғылыми қызметкер-2021» конкурсы өтеді
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Алматы қаласының музейлер бірлестігі МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы аясында «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» конкурсын өткізеді.