Анонс
Super User

Super User

Павлодар облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа директор тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Тараз тұрғыны Рафаэль Искандеров «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына  күміс монеталардың көмбесін тапсырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Мәдениет саласы, оның ішінде музей ісіндегі қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсетін болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурс жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы өзінің мәдени ағартушылық қызметі аясында Жетісудың өткен тарихындағы танымал тұлғаларды насихаттау, сол арқылы қоғамды патриоттық рухта тәрбиелеуді мақсат етіп қойған болатын. Осы орайда, Орталығымыз бұқара көпшілікті музей мәдениетіне тарту арқылы, тарихты сүюге, елінің тұлғаларымен мақтану арқылы отаншылдық сезімін оятуға, өткен тарихи кезеңдермен қатар, материалдық және рухани құндылықтармен таныстыру үшін «Сүйінбай Аронұлы» әдеби-мемориалды музейімен көшпелі қор көрмесін ұйымдастырған болатын.

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырған «Sumukhwa Monologue» атты корей кескіндемесі көрмесі 17 қазанға дейін жүмыс істейді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.       

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің бейнелеу өнері мұрасымен таныстыруға бағытталған «Өнерге қол жеткізу» атты музейлік жоба таныстырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Халқымыздың ғасырлар қойнауына кеткен тарихын, әдет-ғұрпын, қолөнері мен фольклорлық ерекшелігін, мәдени мұраларын зерттеп, оның келешек ұрпаққа жетуіне алтын көпір болған, ұлттық өнеріміз бен дәстүрімізді ғылыммен ұштастыра білген ұлтымыздың жанашыры, көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі этнограф, тарих ғылымының докторы Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығын туған жері Отырар ауданы атап өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Әрбір халықтың өзінің салт-дәстүрі, тұрмыс-салты, мәдениеті оның ерекшеліктері болатындығындай, қазақ халқының мәдениетінің, тарихының, тұрмыс-салтының да өзіне тән ерекшеліктері бар. Осындай ерекшелікті көрсететін қазақтың дәстүрлі музыкасының тарихы Еуразия даласын мекендеген сонау сақ-үйсін кезеңінен бастау алып кейінгі түркі, қаңлы, қыпшақ кезеңіндегі мәдениетпен астасып бүгінгі күнге дейін жетті. Көшпелі тайпалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі табиғаттың заңдылығы мен музыкадан тұрады. Ұшы-қиыры жоқ кең далада малын жайғап, қолына домбырасын шертіп жатқан әрбір қазақтың ән-жыр дегенде жан-дүниесі бөлек еді. Осындай табиғи үдерістерден сұрыпталған қазақ ән-жыр өнерінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына сал-серілер, жыршылар, күйшілер, жыраулар үлкен үлес қосты. Соның ішінде  тек өнерімен емес, болмыс-бітімімен, күнделікті жүріс-тұрысымен дараланып тұратын сал-серілердің орны айрықша еді. Аталмыш атаққа ие болған жандар халықтың ішінде жеке әлеуметтік топ өкілдері ретінде аса құрметке ие болды. Бір басына бірнеше өнердің қасиетін жинақтаған аталмыш тарихи тұлғалар жөнінде елімізде біршама зерттеу еңбектері де жазылды.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі 2021 жылғы 31 тамыз мен 17 қыркүйек аралығында Алматы қаласының студенттері мен жастары арасында «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» атты онлайн-конкурс ұйымдаcтырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқаудың басты мақсаты – Алматы музейлерін қала тарихымен байланыстыра отырып насихаттау, Алматы қаласы жастарының шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқауға демеуші болған "Ай Продакшн" компаниясы атынан соңғы үлгідегі Iphone, Samsung смартфондарымен марапатталады. Толық ақпаратты төмендегі номер арқылы ала аласыздар: 8(727)267-59-05

Медиа

JoomShaper