Анонс
Super User

Super User

Дәстүрлі қазақ қоғамында әйелдер мен қыз-келіншектер әшекей бұйымдарының алар орны ерекше. Әшекей бұйымдар халық ұғымында сәндік-көркемдігімен қатар, ғұрыптық мәнге ие. Қазақ даласына жүргізілген археологиялық қазба барысында әшекей бұйымдар жиі табылып отырған.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» бұйрығынан ғылыми қызметкерлерге қатысты бөлігін назарларыңызға ұсынамыз. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген. Материалдық барлық құқықтары «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне тиесілі.

Археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуұлы Елеуовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация процесіндегі маңызы» атты халықаралық далалық семинары өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Биыл журналист, публицист, драматург Таңерберген Қалилахановтың туғанына 105 жыл толып отыр. Өмірдің талай қиын қыстау өткелдерінен сүрінбей өтіп, халқына адал қызмет еткен данағой сырсандығы Т.Қалилаханов 1916 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Бөрлітөбе ауданы Кесікқұм қыстауында дүниеге келген. Соғысқа дейін ол Талғар ауылшаруашылық техникумын бітіріп, Ақсу колхозында есепші болып жұмыс істеді, кейін ауыл клубына ауыл жастары арасында клуб жұмысын ұйымдастырушы болып жұмысқа ауыстырылды. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін ол 73-ші жеке пулемет батальонының полк мектебін бітірген, Молдавия КСР-нің Дубоссары облысында шекара қызметін атқарған. 1939 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылды. Саяси командир, артиллериялық взвод командирі болған.

Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына арналған Шетпедегі мемориалдық музейде ғалымның екі бірдей жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты «Айтыстың ақтаңгері, өлең жырдың дүлдүлі» атты кездесу өткізілді.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына ҚР Мәдениет және спорт министрі м.а. Н.Дауешовтың 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №370 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 22032 болып тіркелді. Төменде бұйрықтың музей саласына қатысты бөлігінің мәтінін ұсынамыз.

 

ЕСКЕРТУ: Бұйрық мәтіні өзгерді. Жаңа редакциядағы мәтінмен СІЛТЕМЕ сөзін басып, жаңа бетте танысыңыз. 

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде археологиялық экспедициясының 2020 жылы жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Омаров Ғани Қалиханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы: мәдениеттер сабақтастығы және трансформациясы» атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстандағы облыстық екі музейге жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper