Анонс


Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай іс-шара өтеді

Жексенбі, 11 Сәуір 2021 17:19
Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай іс-шара өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 2021 жылғы 16 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған іс-шара өтеді.

Осы мерекені жыл сайын атап өту «Есік» қорық-музейінде дәстүрге айналып, дәл осы күні музейде БАҚ-ы мен туризм саласындағы өз достарымен кездесу өткізеді, олардың еңбектері бағаланып ең белсенділеріне музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар тапсырылады. 

Мерекелік іс-шара аясында «Есік» қорық-музейіндеҚазақстан Республикасының Тәкелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Атқа міну мәдениеті  –  дала өркениетінің мұрасы» көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Көрмеде адамзат дамуының жарқын бастауына айналған атқа міну мәдениеті, оның ішінде Ұлы даладағы жылқыны қолға үйрету тарихы ерекше қарастырылған.  Сонымен қатар жылқы қазақ қана емес, ежелгі дүние халықтарының бәрінде де мифологиялық дүниетанымды қалыптастырған, адамның досына, бауырына айналған ерекше қасиетті жануар.   

Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Алматы облыстық «Ұста Дәркембай Шоқпарұлы» ұлттық қолөнер музейінің жәдігерлері негізінде жабдықталды.

Көрменің ашылу салтанатына еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты шағын құрамда «Ботай» музей-қорығының директоры - Құлбаев Уәлихан Қайроллаұлы, т.ғ.д., археология профессоры – Зайберт Виктор Фёдорович, ғылыми-қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы бөлім жетекшісі – Амирова Сабина Кәрімқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Тарих, археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к. – Омаров Ғани Қалиханұлы, «Остров Крым» зертханасының директоры – Қырым Қасенханұлы Алтынбеков, «Shejire DNA» Қазақстан орталығының жетекшісі, генетик – Нұрбол Болатұлы Баймұханов, «Ұста Дәркембай Шоқпарұлы» музейінің директоры – Дәулет Дәркембайұлы Шоқпаров қатысады.

Қосымша ақпараттарды «Есік» қорық-музейінен алуға болады.

Мекен-жайы:  Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Өрікті ауылы, Есік-Александровка жолы 6,6 шақырым, құрылыс 2. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі.

Тел/ф: 8 727 306 91 30,  Тел. 8 707 753 7878, 8 747 064 0785

e-mail:issyk@inbox.ru  

1286 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper