
Super User
Никто не забыт, ничто не забыто. Весь мир знает эту фразу. Знает, какими трудностями и потерями советские солдаты одержали победу, знает, что только благодаря нашим героям, сражавшихся не на жизнь, а на смерть, мы благополучно живем под мирным небом, не видя и не зная, к счастью, что такое война. Мы навечно будем помнить наших героев и будем чтить память. Одна из таких героинь – Герой Совесткого Союза Алия Молдагулова, которая в свои 18 лет проявила себя как мужественный и отчаянный боец в борьбе с немецкими захватчиками.
Өрнек қалашығы - Талас өңірінің таңғажайып құрылысы
Өрнек қалашығы - Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылының аумағындағы Сұлутөр шатқалында орналасқан. Ортағасырларда негізі қаланған қалашық түркі дәуіріндегі қала мәдениетінің ірі орталықтарының біріне жатады. Алғашында тайпалық қоныс болып кейін бірте-бірте ауқым кеңейген қалашық Қарахан хандығы тұсында қалалық-әкімшілік орталық болған. Ұлы Жібек жолымен халықаралық сауда-саттық жасау есебінен қалашық X-XII ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жетті.
Ғасырдан ғасырға жалғасып,атадан балаға мирас болып келе жатқан тарихи мұраларымыздың ұлттық мәдениетімізден алар орыны жоғары.Тасын түртсең тарихынан сыр шертетін Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ерекше мәдени мұраға бай тарихи географиялық аймақ болып таныламыз. Қасиетті Жамбыл жерінде тарихы тереңнен басталып, аңызы мен ақиқаты ұштасып жататын әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың барлығы да көне заманның күмбіріндей күй толғап, өңірдің сән-салтанатын келтіріп тұр.
Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі «Бақыт туралы жыр» атты мерейтойлық көрмесін ұсынады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі 2021 жылғы 16 маусымынан бастап, Жамбыл Жабайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған «Бақыт туралы жыр» атты мерейтойлық көрмесін ұсынады. Көрмеге Ә. Қастеев атындағы өнер музейі қорынан алынған 30-дан астам кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туындылары қойылады.
«Есіктегі музей түні» мерекесіне түркі елдерінің ғалымдары қатысты
Халықаралық музей күніне орай «Есік» музей-қорығында 2021 жылғы 18 мамырда «Есіктегі музей түні» шарасы әлемде орын алған пандемиялық жағдайға байланысты онлайн түрінде өтті. Шара «Есік» қорық-музейіне виртуалды саяхатпен басталып, мерекелік от шашумен аяқталды.
Археология саласындағы халықаралық байланыс нәтижелері
«Есік» музей-қорығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Археология саласындағы халықаралық байланыс нәтижелері» атты көрме ашылды.
Ия, бұл менің сөзім емес...бұл теңеуді кезінде қарағандылық танымал талантты өнертанушы Иванина Наталья Ивановна айтып кеткен болатын. Бұл теңеу қарағандылық талантты, дарынды суретші Райымқұл Есіркеұлына айтылған еді. Биылғы жылы 100 жылдық мерейтойы аталып өткелі отырған Есіркеев Райымқұл 1921 жылы 10 қазанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Қоңырат ауылында дүниеге келген. 17 жасқа толмастан, 8 сыныпты ғана аяқтаған Райымқұл майданға аттанды. 1946 жылы демобилизациядан кейін Балқаш кенөндіру зауытына жұмысқа орналасты. 1948 жылы Райымқұл отбасымен бір жасқа толмаған ұлымен Қарағандыға көшіп келеді.
Кимал Ақышев және елорда өңірінің тарихы
1924 жылғы 23 мамырда отандық археологиялық ғылымның негізін қалаушысы – Кималь Ақышев дүниеге келді. Археолог өмірінің 50 жылдан астам уақытын Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуге арнады. Ғалымның Қазақстан мен Еуразияның ежелгі және ортағасырлық тарихы бойынша іргелі зерттеулері әлемдік тарих ғылымына қосқан зор үлесі болып табылады.
Ақтөбе облыстық музейінің мәртебесін арттырған марапаттар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына — 2021» онлайн фестивалі өтті.
Қазақстан музей ісінің үздіктері белгілі болды («Рухани қазына-2021» фестивалінің қорытындысы)
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына-2021» фестивалінің қорытындысы жарияланып, музей, кітапхана және клуб ісіндегі үздіктер анықталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға музей ісі бойынша үздік атанған мекемелер мен қызметкерлердің тізімін ұсынамыз.