Анонс


«Рухани қазына – 2021»: Музей саласының үздіктері анықталады

Жексенбі, 11 Сәуір 2021 16:45
«Рухани қазына – 2021»: Музей саласының үздіктері анықталады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен биыл төртінші рет мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

ЕСКЕРТУ: Бұл ереже жаңа редакцияда жазылды. Жаңа редакциясын мына жерден оқыңыз: ЕРЕЖЕ

 

 ТӨМЕНДЕГІ МӘТІН ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ӨЗЕКТІ ЕМЕС.

Республикалық байқау жайлы толық мәлімет:

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында әзірленіп, Фестивальдің мақсаты мен міндетін, өткізу тәртібін айқындайды.

  1. Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн Фестивалінің (бұдан әрі – Фестиваль) құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).

2 тарау. Мақсаты мен міндеттері

 Конкурстар мен (немесе) фестивальдің мақсаттары мен міндеттері:

1) өнердің шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;

2) барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

3) ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;

4) халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;

5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;

6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

7) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

8) азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне жағдайлар жасау;

9) мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

 10) жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.

3 тарау. Фестивальді өткізу тәртібі

  1. Фестивальді дайындау мен өткізу жұмыстарына жалпы басшылықты осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес құрылған Фестивальді өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады.
  2. Қағидалар Министрліктің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармаларының Интернет-ресурстарында, сондай-ақ республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
  3. Фестиваль аясында келесі іс-шаралар:

1) «Рухани қазына – 2021»онлайн республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау);

2) жеңімпаздарды марапаттауөткізіледі.

4 тарау. Байқауды өткізудің тәртібі

3.Байқау (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) мемлекеттік музейлер мен (облыс, аудан (қала), ауылдық маңызы бар) мемлекеттік кітапханалардың, облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар) мәдениет үйлері, клубтардың (бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында өткізіледі.

  1. Мәдениет ұйымдарының арасында байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей»;

2)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей»;

3) «Үздік ауылдық маңызы бар музей»;

4) «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана»;

5)«Үздікоблыстық маңызы бар мемлекеттік балалар немесе  жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы»

6) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана»;

7)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы»;

8)«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана»;

9) «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана»;

10) «Үздік қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана»;

11) «Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені»;

12) «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, (сарайы)»;

13) «Үздік ауылдық мәдениет үйі, (клубы)».

9. Байқауға қатысушы мәдениет ұйымдарының арасында арасында карантин кезеңіндегі белсенді қызметі үшін келесі номинациялар белгіленеді:

1) «Үздік мемлекеттік музей сайты»;

2) «Үздік мемлекеттік кітапханасайты»;

3) «Үздік музейлік онлайн жоба – 2021»;

4) «Үздік кітапханалық онлайн жоба – 2021»;

5) «Үздік мәдениет үйі мен сарайының, сондай-ақ клубтардың онлайн жобасы – 2021;

6) «Балаларға арналған үздік музейлік онлайн жоба – 2021»;

7) «Балаларға арналған үздік кітапханалық онлайн жоба – 2021»;

8) «Музейдің үздік инклюзивті онлайн жобасы –2021»;

9) «Кітапханалардың үздік инклюзивті онлайн жобасы – 2021»;

10)«Үздік көркемөнерпаздар ұжымы – 2021».

  1. Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері»;

2) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері»;

3) «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері»;

4) «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері»;

5) «Үздік облыстық маңызы бар балалар немесежасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкері»

6)«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері»;

7) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкері»;

8)«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері»;

9) «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері»;

10)«Үздік қалалық маңызы бар зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері»;

11) «Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені қызметкері»;

12)«Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері»;

13) «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері».

11.Конкурсқа қатысушы мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында карантин кезеңіндегі белсенді қызметі үшін келесі номинациялар белгіленеді:

1) «Музей ісі саласындағы «Мәдениет жанашыры»;

2) «Кітапхана ісі саласындағы «Мәдениет жанашыры»;

3) «Мәдени-демалыс қызметіндегі «Мәдениет жанашыры».

12. Конкурсқа қатысушы мәдениет ұйымдарының 34 жасқа дейінгі жасқызметкерлері арасында «Жыл серпіні» атты арнайы номинация тағайындалады.

  1. Сонымен қатар, конкурсқа қатысушы мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасындаотбасылық және еңбек дәстүрлерін сақтай отырып,кітапханашы, музей және клуб қызметкері мамандығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әулеттер үшін«Бір отбасы – бір кәсіп» арнайы номинациясы тағайындалады.
  2. Сондай-ақ, отандық жазушылар мен ақындарды қолдау мақсатында Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша «Бердібек Соқпақбаев атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік кітаптың авторы» атты арнайы номинация тағайындалады.

15. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ең көп оқылатын қазақстандық шығармаларды анықтау мақсатында Фестивальдің Ұйымдастырушы комитетінің ұсынысымен оқырманның таңдауы бойынша (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық округ) келесі сыйлықтар беріледі:

  1. «Проза жанрындағы үздік балалар кітабы»;
  2. «Поэзия жанрындағы үздік балалар кітабы»;
  3. «Драматургия жанрындағы үздік балалар кітабы».

16. Бұдан басқа Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Конкурсқа қатысатын мәдениет ұйымдары арасында арнайы сыйлықтар тағайындалады:

1) «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай» (кітапхана ұйымдары арасында);

2) «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» (музей ұйымдарыарасында);

3)«Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай»(мәдени-демалыс ұйымдары арасында).

  1. Сонымен қатаркітапхана ұйымдарының қызметкерлерін қолдау үшін ФестивальдіңҰйымдастыру комитетінің ұсынысымен келесі сыйлықтар тағайындалады:

1) «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту бойынша үздік инновациялық жоба»;

  1. «Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасын толықтыруға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;

2) «Кітап оқу мен кітапты жылжыту жөніндегі үздік медиа жоба»;

  1. «Бюджеттен тыс қаражатты тарту арқылы кітапхана қорын толықтырған үздік кітапхана».
  2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармалары осы Қағидалардың әрбір саласынан (музейлер, кітапханалар, клубтар) барлық номинациялар бойынша тек бір кандидатурадан ғана ұсынады.
  3. Байқау екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (облыстық) 2021 жылғы 10-30 сәуір аралығында;

2) екінші кезең (республикалық) 2021 жылғы 3-20 мамыр аралығында онлайн форматта;

  1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 2021 жылы 21 мамырда өтеді.

21. Ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың мәдениет ұйымдары 2021 жылғы
10сәуіргедейінгі мерзімдебайқауға қатысу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына (мәдениет ұйымдары үшін) және 2-қосымшасына (мәдениет ұйымдарының қызметкерлері үшін) сәйкес үлгіде рәсімделген өтінім мен байқау материалдарын тиісті әкімшілік-аумақтықбірлікке қарасты мәдениет саласының жергілікті атқарушы органына жібереді.

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармалары а.ж. 30 сәуірге дейін Ұйымдастыру комитетіне байқаудың екінші кезеңіне қатысу үшін тиісті материалдарды бірінші кезеңнің әділ қазылар алқасы отырысының хаттамасын қоса отырып, жолдайды.
  2. Мәдениет ұйымдары мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің байқаудың екінші кезеңіне (республикалық) қатысу үшін өтінімі мен конкурстық материалдары Ұйымдастыру комитетіне осы Қағидалардың 1, 2-қосымшасына сәйкес электрондық тасымалдағышта 5 минутке дейін сапалы бейнематериалдарын қоса отырып, келесі мекенжайға:Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік eл даңғылы 8, 15 кіреберіс, № 517 кабинетке жолданады.
  1. Байқауға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдар ұсынылады:

осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәдениет ұйымдары үшін:

  • осы Қағидалардың1-қосымшасына сәйкес ресімделген өтінім;

2) төменде көрсетілген өлшемдерге сәйкес бағалауға жататын ұйымның2019-2021 жылдардағы жетістіктері туралы қысқаша анықтама;

3) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мәдениет ұйымының
2019-2021жылдардағы жұмысы жөнінде ақпаратты құрайтын, Power Point нұсқасында әзірленген, кемінде 50 слайдтан тұратын таныстырылым;

4) осы Қағидалардың 9, 11-тармақтарында көрсетілген номинациялар үшін карантин кезеңінде іске асырылған онлайн жобалары туралы қосымша материалдар ұсынылуы қажет.

  1. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес мәдениет және өнер ұйымдарының қызметкерлері:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ресімделген өтінімді;

2) мәдениет ұйымынан қызметкерді ұсынатыны жөнінде өтініш хатты;

3) байқауға қатысуға ұсынатыны жөнінде ұйымның ұжымдық отырысы хаттамасыныңкөшірмесін (ұйымның мөрімен бекітілген);

4) Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын растайтын куәлік көшірмесін;

5) қатысушының 3*5 фотосуретін (электронды нұсқада, pdf/jpeg форматында);

6) осы Қағидалардың2-қосымшасына сәйкес мәдениет ұйымы қызметкерінің 2019-2021 жылдардағы қызметі туралы ақпаратты құрайтын, Power Point форматында әзірленіп, кемінде 50 слайдтан аспайтын таныстырылымды (презентация) ұсынуы қажет.

  1. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген «Бір отбасы – бір кәсіп» номинациясы үшін бір мамандыққа қатысты отбасы мүшелерінің тарихын суреттейтін,бір кәсіптің ұрпақтар сабақтастығына қатысты жолын растайтын қысқаша ақпарат, сондай-ақ белгілі бір саладағы еңбек қызметін растайтын отбасы мүшелерінің құжаттарының көшірмелер і(еңбек кітапшалары) жолдануы тиіс.

27.Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтінімдер қаралмайды және қайтарылуға жатпайды.

  1. Ағымдағы жылғы 30 сәуірден кейін түскен байқау материалдары байқауға қатысу үшін жіберілмейді.

29. Байқаудың онлайн форматтағы ресми ашылуы 2021 жылғы 12 мамырда республикалық электрондық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өтеді.

  1. Байқауға қатысушы мәдениет ұйымдарының және мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің байқауға ұсынған материалдарын іріктеу жөніндегі Қазылар алқасының отырысы онлайн форматта а.ж. 12-14 мамыр аралығында өтеді.

 Байқаудың қазылар алқасы

31. Байқаудың бірінші кезеңінің (облыстық) қазылар алқасын әрбір өңірдеОблыстық мәдениет басқармалары қалыптастырады. Байқаудың қазылар алқасы осы Қағидалардың 8 және 10 тармақтарында көрсетілген әр номинация бойынша екінші кезеңге (республикалық) ұсынылатын байқау құжаттарын қарастырып, іріктеп, бағалап, қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамаға сәйкес шешім қабылдайды.

32.Бірінші кезең жеңімпаздарының байқау материалдары, қазылар алқасы отырысының хаттамасы Ұйымдастыру комитетіне салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарының қолы қойылған ресми хатпен жолданады.

  1. Осы Ережеге сәйкес 8, 9, 10, 11, 12, 13-тармақтар бойынша үздіктерді қазылар алқасы мүшелері анықтайды, ал 14, 15, 16, 17-тармақтар бойынша үздіктер Ұйымдастыру комитетінің ұсынысымен анықталады.
  2. Байқаудың әр күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жабық отырыс өткізіп, онда екінші кезеңнің (республикалық) жеңімпаздары анықталып, хаттамамен ресімделеді және қол қойылады.
  3. Байқаудың қазылар алқасы өтінімдерді қарау барысында үміткерлерді келесі өлшемдер бойынша бағалайды:

мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің осы Қағидалардың 23, 24-тармағына сәйкес ұсынған ақпаратының толыққанды болуы:

материалдар мазмұнының ойға қонымдылығы;

ұйым басшысының көпшілік алдында таныстыруы (ұйымдар үшін), сондай-ақ байқауға қатысуға өтінім берген қызметкер үшін (креативті таныстыру және материалды қызықты жеткізу; шығармашылық тәсіл және сауатты таныстыру, жұмысты сауатты безендіру) секілді талаптар қойылады.

  1. Сондай-ақ қатысушы таныстыру кезінде жаңа технологиялар мен әдістемелік жұмыстарды (әдістемелік құралдары мен дидактикалық материалдарын, хабарламалар, баяндамалар, әдістемелік ұсынымдар мен бағдарламаларды, жоспарларды) және өзін-өзі оқыту бағдарламаларын дәлел ретінде ұсынуына болады.
  2. Қазылар алқасы:

1) байқауға қатысушының таныстырылымын тоқтатуға;

2) атаулы сыйлықтар беруге және сыйлықтарды қатысушылар арасында бөлуге;

3) арнайы марапаттарды тағайындауға құқылы.

  1. Байқаудың екінші кезеңінің Қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылыкөпшілік дауыстардың негізінде шешім қабылдайды,нәтижесі Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
  2. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасының сыйақыларды беру жөніндегі шешімі Фестивальдің жабылу рәсімінде жарияланып, соңғы шешім болып саналады және қайта қаралмайды.

40. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы отырысының өткізілетін орны: эпидемиялық жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК, «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ және «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК.

6 тарау. Байқаудың ынталандыру шаралары

Байқаудың жеңімпаздарына салтанатты түрде диплом, статуэтка және ақшалай сыйлықақы табысталады.

  1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау күні мен орны: 2021 жылғы 21 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында немесе эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып онлайн форматта өткізіледі.

 7 тарау. Фестивальді ақпараттық сүйемелдеу

43.Фестивальді ақпараттық сүйемелдеу мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламаларын, Байқаудың бағдарламасын және өзге ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынады.

8 тарау. Фестивальді қаржыландыру

 Фестивальді қаржыландыру «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» 033 бюджеттік бағдарламасының «Әлеуметтік-маңызы бар және мәдени іс-шараларды өткізу» 105 кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

9 тарау. Қорытынды ереже 

45.Осы Қағидалармен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

  1. Жеңімпаз ұйымдар конкурс өткізілген күннен бастап 3 ай ішінде ақшалай жүлдені тиімді пайдалану туралы министрлікке фото немесе бейнематериалдарды ұсына отырып, есеп жібереді.

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің ұйымдастыру комитетінің құрамы

 

Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

 

Сейітова Күміс Қарсақбайқызы

  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры;

 

Арғынбеков Мақсат Арғынбекұлы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары;

 

Мұратов Ғани Жұматбекұлы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары;

 

Пазылова Гүлзейнеп Анафияқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музейлер және кітапханалар басқармасының басшысы;

 

Камзин Нұран Амангелдіұлы

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының президенті;

Сатубалдин Абай Кәрімтайұлы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары.

 

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына

 

1-қосымша Нысан

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестиваліне қатысу үшін ұсынылатын мәдениет ұйымның өтінімі

  1. Ұйым туралы мәлімет

 

(Ұйымның атауы

(ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып)

 

 

Басшының аты-жөні, тегі

(болған жағдайда)

 

 

заңды мекен-жайы:

 

 

байланыс мәліметтері(телефон, электронды пошта):

 

 

Интернет-ресурс, әлеуметтік желідегі парақтары және т.б.

 

 

жалпы музей және кітап қорының көрсеткіштері, келушілер мен қызметті пайдаланушылар саны,жаңа түсімдер, кітап беру (2019-2021жж.)

 

 

елімізде және шетелде қайта даярлау және біліктілігін арттыру аясында сертификат алған қызметкерлер саны
(2019-2021 жж.)

 

қызметкерлер саны (курс өткен шет мемлекетті көрсете отырып)

кітапханалар қызметіндегі өлкетану жұмыстары жөнінде

 

(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

шығармашылық топтар, соның ішінде, ансамбльдер, вокалды-аспапты ансамбльдер мен би ұжымдары және т.б.

 

портфолио, фотоматериалдар, диплом, алғыс хат, құрмет грамоталары мен басқа да марапаттарының көшірмесі

музейдің ғылыми қызметі (археологиялық зерттеулер, этнографиялық экспедициялар, ғылыми-монографиялықзерттеулер, ғылыми және ғылыми-танымал басылымдағы мақалалар (иллюстрацияланған)

(саны,іс-шаралардың тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

елімізде және шетелде өткізілген мәдени-көпшілікке арналған және имидждік, сондай-ақ мәдени-ағарту іс-шаралар, соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бағытталған

(саны, іс-шаралардың тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында іске асырылған (асырылатын) жобалар

 

(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

тұрақты форматта іске асырылатын жобалар

 

(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

баспасөз ақпарат құралдарымен жұмыс, ақпараттық және PR-қызмет)

 

 

қонақ үйде орын қажеттілігі:

*иә

*жоқ

 

 

 Күні___________________________2021 ж.

(қолы)                   Басшының аты-жөні (болған жағдайда)

МО

 

 

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2021» онлайн фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестиваліне қатысу үшін ұсынылатын  мәдениет ұйымы қызметкерінің өтінімі

 Номинация ______________________________________

_________________________________________________

(мәдениет ұйымының толық атауы)

_________________________________________________________________

(Аты-жөні, лауазымы, байланысу мәліметтері (телефон, эл.мекен-жайы)

Күні ___________________________2021ж.

(қолы)                                               Басшының аты-жөні (болған жағдайда)

 1.Мәдениет қызметкерінің қысқаша кәсіби биографиясы мен негізгі кәсіби қол жеткізген табыстары (2019-2021 жж): 

Тегі

 

 

аты, жөні (болған жағдайда)

 

 

туған жылы

 

 

атағы, марапаттары (болғанжағдайда)

 

 

мекен-жайы

 

 

телефоны

 

 

эл. пошта

 

 

білімі (мамандығы)

 

ғылыми дәрежесі (болған жағдайда):

 

жалпы жұмыс өтілі,

соның ішінде мәдениет саласында

 

 

қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өткені

 

(оқыған орны мен мерзімі, біліктілік)

байқауларға қатысқаны, соның ішінде халықаралық байқаулар

байқаулар саны (нәтижесі)

жұмыста өзекті және инновациялық әдістерді пайдалануы

 

 

тарихи өлкетанушылық, әлеуметтік маңызға ие ақпараттық ресурстардың жиынтығын құруы

 

 

авторлық сценарийлік немесе әдістемелік материалдарды әзірлеуі

(клуб қызметкерлері үшін)

тәжірибесін жергілікті, облыстық деңгейде тарату

 

қатысушы тікелей өзі жеңіп алған немесе оның қатысуымен іске асырылған гранттар (мерзіміне шектеу қойылмайды)

 

қатысушы грантты ұтып алған шығармашылық жобалар мен бағдарламалардың тақырыптары

қатысушының кітапханалық-ақпараттық саламен байланысты ғылыми-зерттеу, қоғамдық және мәдени-шығармашылық қызметте қол жеткізген табыстары

 

(кітапхана қызметкерлері үшін)

қатысушының музей қызметінің сапасын арттыру саласында қол жеткізген табыстары,  қатысушының тікелей қатысуымен өткен экспозициялар мен көрмелердің тізімі

 

(музей қызметкерлері үшін)

мәдени-ағарту қызметін іске асыру саласындағы кәсіби жетістіктері

 

(клуб қызметкерлері үшін)

қатысушының өз қызметінде келушілерді тарту мен қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыс түрі мен әдіс-тәсілдерін пайдалануы

 

 

ғылыми мақалалар (Скопус, Ринца және т.б. ғылыми басылымдардағы мақалалары)

 

тізімі мен ғылыми мақалалардың көшірмесі жолданады

қатысушының баспасөз ақпарат құралдарындағы мақалалары

 

мақалалардың тізімі мен көшірмесі жолданады

өзін таныстыруын жеткізу деңгейі (дизайны, контенті, материалдардың мазмұны)

 

 

  1. Қатысушы ретінде ұсыну үшін келісім

Мен (аты-жөні) (болған жағдайда)

______________________________________________________

Байқауға қатысушы ретінде қатысуға келісім беремін.

 

________________ 2021 ж.                                           ______________________

           (күні)                                                       (қатысушының қолы)

2257 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper