Анонс
Super User

Super User

Әлемдік қоғамда мәдени мұраларды сақтау бойынша белгілі бір деңгейде музей қызметінің алар орны ерекше. Музей – жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті тануда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Көне түркі өркениеті залын ашу жоспарланды. Түркі әлемі Қиыр шығыстан Жерорта теңізіне дейінгі аралықта мекендеген мәдениеті мен тарихы бай халық. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде түркі әлеміне тән көптеген археологиялық қазба жұмыстарын, тарихи еңбектерді атауға болады. Өз заманында жаһанданудың биік шыңына шыққан түркі халқы археологиялық мұраларға да бай. Дегенмен, Көне түркі өркениетіне тән археологиялық жәдігерлердің барлығын бір музейдегі бір залға сыйдыру мүмкін емес.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына орай музейдің және музей бөлімшелерінің қорларындағы аса құнды жәдігерлерден «Палеонтологиялық», «Археологиялық», «Зергерлік бұйымдар», «Қару-жарақтар», «Саз аспаптары» коллекциялары ғылыми каталогтары қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде жарық көрді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ЮНЕСКО 35 жасқа дейінгі азаматтар үшін 2021 жылы жас зерттеушілерге арналған Жібек жолы грантын алуға өтініш беруге шақырады. Бұл жоба аясында құны 10000 АҚШ долларын құрайтын 12 ғылыми грант беріледі. Грант жас зерттеушілерді Жібек жолының ортақ мұрасын әрі қарай зерттеуге жұмылдыруға бағытталған, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

"Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 354 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.

Мақалада COVID-2019 бүкіләлемдік пандемиясы кезіндегі Қазақстан музейлерінің 2020 жылғы наурыз-шілде аралығындағы қызметі баяндалған. Автор Қазақстан музейлерінің пандемия кезіндегі қызметін алыс-жақын шет елдермен салыстырып, жетістіктері мен проблемаларын атап көрсетеді.    

Ортағасырлық Кескен-Күйік қалашығына 2019 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына қабылданды.

Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры құнды бұйымдармен толықтырылуда. Музей қорында ерекше тігілген  ішіктердің бірнеше түрі сақтаулы.

Жаһанды жайлаған індет музейдің де дәстүрлі қызметіне бірқатар өзгерістер енгізді. Соның бастысы – аудиторияға қашықтан қызмет көрсету. Мәдени және тарихи деректерге ынтық, рухани құндылықтарға құмар музей тұтынушылары үшін барынша еңбек ету – біздің ұжымның қашаннан берік ұстанған қағидасы. Сол себепті, карантин кезінде де түрлі шектеулерді ескере отырып, негізгі бағытымыздан танбадық.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде ұстаз, ақын Ахат Шәкәрімұлының 120 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ахат Шәкәрімұлы. Шығармалары» жинағының таныстырылымы өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова музей ісінің ардагері Сара Есқайырқызын 80 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға құттықтау хаттың мәтінін ұсынамыз.

Медиа

JoomShaper