
Super User
Ескерткіш Ойыл өзенінің сол жағалауында, Қаратал ауылынан 1,9 шақырым оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Құмның қалдықты төбелерінде тас ғасыры мен ортағасырлық түрлі заттарымен бірге табылды.
«Ғұн-сармат кезеңі ескерткіштерінің архитектоникалық және кеңістікті сараптамасы» жобасы бойынша археологиялық барлау жұмысы
Ақтөбе облысының батыс бөлігі зерттеуге жататын негізігі аумақ болып табылады. Барлау жұмыстарының көбі Ойыл ауданында, Көптоғай ауылдық округі аумағында жүргізілді. Археологиялық барлау жұмысы нәтижесінде Ойыл өзенінің сол жағалауындағы ескерткіштер Самбай-I, Шөптікөл-I и II, Ақшатау-II и IV, Көптоғай-I-IV және т.б. Ескерткіштердің дені судан жоғары жерде орналасқан және топырақтан үйілген жерлеу және ғұрыптық нысандарының ірі кешенінен тұрады.
Ескерткіштің ашылуы Ырғыз ауданындағы Шеңбертал ауылы маңынан табылған заттар туралы археологтарға хабар берген жергілікті тұрғын, өлкетанушымен (Сыдық Молдабеков) байланысты. Бұл ескерткішті зерттеу жұмыстары екі жылға жалғасты. Қазба жұмыстарын бастауға жерлеу орнындағы сүйектер мен заттардың жер бетіне шығып, бұзыла бастауы түрткі болды.
Шөптікөл-І қорымы Ойыл ауданы аумағында, Көптоғай ауылынан 24,6 шақырым батыс бағытында орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай, арасы 1,23 шақырым болатын созылыңқы шыңжыр тәрізді шамамен 38 жерлеу-ғұрыптық нысандардан тұрады. Қорым нысандары Ойыл өзенінің сол жақ бөлігінде түрлі көлемді нысандар реттілігін құрайды.
Шалқар ауданы аумағында жүргізілген барлау жұмысы
Шалқар ауданы — Ақтөбе облысындағы ең ірі аудан. Физикалық-географиялық тұрғыдан жартылай шөлейтті және шөлейтті аумаққа жатады. Бұл — Ұлы және Кіші Борсық құмдары — ең ірі құмды алқап.
Ғани Мұратбаев - ғасырлық тарихы бар басылымның алғашқы ұйымдастырушы-редакторы
Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды ұйымдастырушысы, белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев – ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымының аса талантты өкілі болатын. Оның басына біткен жігер-күш пен ақыл-парасат қаршадайынан халықты өзіне қаратты. Қазалы қаласындағы орыс-түзем мектебін оқып жүргенде-ақ уезд басшыларының көзіне түскен ол 1917 жылдың күзінде, яғни, он бес жастан сәл асқанда Революциялық кеңестің құрамына алынады. Уездік Революциялық кеңес құрамында жүрген қысқа мерзім Ғанидың өмірге, жалпы, қоғамға деген көзқарасын күрт өзгертті. Ең бастысы –оқымаса болмайтынына көзі жетті.
Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Атаулы мерейтойға орай ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты мақаламызды ұсынамыз.
«XIІI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді
«Орталық Азияның ежелгі және дәстүрлі қоғамдарының тарихи-мәдени мұрасы: жаңа ашылымдар мен пәнаралық зерттеулер»атты тақырыппен археология, этнология және музеология кафедрасының 50 жылдығына арналған дәстүрлі «XIІI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Көкшетау қаласындағы мәдениет ошақтарының әрқайсысының құрылу, қалыптасып, көркею тарихы бар десек, қалың көпшілікке мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін іргелі мекеме Мәлік Ғабдуллин музейінің құрылғанына жиырма бес жыл толған екен. Ұжымды, барша көкшеліктерді осынау мерейлі датамен құттықтай отырып, аталған мәдени мекеменің іс-қызметіне тікелей куә болған жылдарым туралы жазып жолдауды өзіме парыз санадым. Әр адамның тағдыр соқпағы – өзіне ғана тән тарихи ғұмыр жолы. Ал жеке адамның ғұмыр жолы өзі өмір сүрген қоғамдағы белгілі бір кезеңдермен, тұлғалармен, мекеме-ұйымдармен байланысты болып жатуы заңдылық. Осы тұрғыда менің өткен өмірімнің тоғыз жылы Мәлік Ғабдуллин музейімен байланыста өрбіген екен. Сол кезеңдегідей тығыз болмаса да, бүгіндері басқа қалада жүріп жатсақ та, музей ұжымымен таныстық, рухани байланысымыз үзілген емес. Сол себепті де тамырымызды тереңнен тартып, ерекше еңбегіміз сіңген танымал тұлға санатында болмасақ та, осы ұжымның өзіміз куә болған, көзбен көріп, бастан бірге өткерген жылдардағы шығармашылық жолы туралы шынайы пікірімізді, іс-қызметті ширек ғасырлық мерейтойға орай санада жаңғыртып өтуге қақылымыз деп санаймын.
Школьный музей как средство формирования патриотизма учащихся
Проблемы возникновения, развития и использования в воспитательном процессе школьных музеев исследуются достаточно широко, как в работах зарубежных, так и отечественных авторов, начиная с рубежа XIX-XX вв. Так в работах Я. Борина, И.М. Гревса, А.У. Зеленко, А. Лихтварка, Н.А.Хитькова и др. раскрывается специфика работы музея с детской аудиторией. В работах В.Е.Туманова, М.Ю. Юхневич, Е.Г. Вансловой, Г.Ю. Элькина, З.А. Огризко обобщен опыт работы школьных музеев, раскрыты цели, задачи, формы их деятельности. В работах К.Д. Ушинского, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинского, Н.К. Крупской, Л.С. Выготского, Л.В. Занкова, Д.Б Давыдова обоснованы основные педагогические принципы и подходы, которые используются в деятельности школьных музеев.