
Super User
Археологиялық ескерткіштер — құнды заттай деректер. Оларды зерттеу арқылы өткен тарихи кезеңдердегі Ұлы даланың кеңістігін қоныстаған көптеген тайпалық одақтар, олардың құрған мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетінің белгісіз беттерін ашуға қол жеткіземіз.
«ІІ Есік оқулары» халықаралық конференциясына шақырамыз
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі (Қазақстан, Есік қ.) 2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары тақырыптағы «ІІ Есік оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Шпильки в предметах женского обихода древности и средневековья
Женщины с древнейших времен хотели быть красивыми и украшали свои причёски, одежду, носили ювелирные украшения. Когда появились первые заколки сейчас сказать сложно, однако, самым молодым атрибутом среди заколок считается- шпилька.
Ақтөбеде 34 тарихи қорым зерттеліп, 194 құлпытас тіркелді
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен 2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе облысы аумағындағы араб графикасымен жазылған құлпытастар эпитафиясына зерттеудің биыл бірінші кезеңі жүргізілуде. Жобаның ғылыми кеңесшісі әрі жетекшісі — елімізге белгілі тарихшы-ғалым Серік Әжіғали.
Қазақ тарихында аты мәлім, өткен замандарда ерлігімен аты шығып, батылдығымен барша жұртқа танымал болғанымен, былайғы жұртқа кеңінен насихатталмай, кейде кері саясаттың кесірінен есімдері бүгінгі ұрпақтың жадында тым көмескі деректерімен сақталған батырлардың аттарын қайта жаңғырту өзекті мәселе болып танылады.
Сармат дәуірінің бірегей тарихи олжалары табылды (ФОТО)
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық тобы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірігіп, «Қурайлы-3» қорымында жоспарланған археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Музейдің аға ғылыми қызметкері, осы салада іс-тәжірибесі мол археолог Аслан Мамедовтің айтуына қарағанда, өткен ғасырдың 70-жылдары дәл осы қорымда қазба жұмыстары жүргізілген екен. Қорым Елек өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қалаға жақын болғанымен, Мәртөк ауданының аумағына кіреді.
Ғылым мен білімді жетік меңгеріп, рухани мәдениеттің өркендеуіне сара жол салып, оны ұлықтата білген алаштың ардақты ұлдары – ағайынды Құдайберген, Ахмет Жұбановтар.
Қазақ халқында ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, қол бастаған батырлар, елдің сөзін сөйлеген ақындар, жыраулардан қашанда кенде болмаған. Солардың ішінде жарық жұлдыздай жарқ етіп өзіндік бейнесін көрсете білген Сүйінбай ақын еді.Сүйінбай Аронұлы қазақ халқының XIX ғасырда өмір сүрген ең әйгілі өнерпазы , табиғи зор талант иесі, суырып салма ақындық өнердің жарық жұлдызы. Жыр алыбы Жамбылдың пірі, шалқар шабытының көзі,ақындыққа баулыған жыр тұлпары. Сүйінбай поэзиясы әрқашан терең философиясымен , ой сұлулығымен және тілінің поэтикалық өрнек айшықтарымен ерекшеленеді.
Экскурсия ісіндегі инновациялық жетістіктер
Қазіргі таңда экскурсиялық туризм саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар көп. Соның бірі "Инновациялық экскурсиялық өнім" ұғымының енгізілуі, экскурсиялық бизнестегі инновацияларды типтендіру. Бұл саладағы соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде экскурсиялық туризм саласындағы негізгі технологиялық инновацияларға экскурсияларда интерактивті қабылдау, виртуалды экскурсиялық турларды, квест-экскурсияларды ұйымдастыру екені анықталды.
Атырау музейінің қоры ерекше жәдігермен толықты
Биыл музей қоры Мысырды 17 жыл бойы билеген Сұлтан Бейбарыс бабамызға қатысты ерекше жәдігермен толықты. Жәдігерді тарих зерттеушісі Ахмет Аққали мен «Атырау» телеарнасының ұжымы «Каспийден кеткен қыпшақтар» атты деректі фильмін түсіру барысында Мысыр Республикасына жасаған іс сапары барысында арнайы алып келген. Египетке жасаған сапар барысында олар мәмлүктер мемлекетін үлкен державаға айналдырған батыр бабаның өз қолымен салдырған мешітінің тарихымен танысып та келген көрінеді.