Анонс
Super User

Super User

Кіріспе. Сібірдің орманды даласынан Жетісудың таулы аңғарының арасы аздап жоталы, шөлді-шөлейтті, мол сулы алқапты құрайды. Бір жағы Алтай тауларынан басталып Торғай үстіртін басып өтіп Мұғалжарға дейін жалғасатын кең жазық даланы Сарыарқа деп атаймыз. Оны кейін «Ұлы Дала» деп кеңінен қолданып жүрміз. Бір жағынан бұл үлкен өркениеттердің «коридорынада» орналасқан ұланғайыр алқап.

Табиғаты құбылмалы, қысы қатал әрі ұзақ, екінші жағынан шөбі шүйгін малға жайлы, көші-қонға икемді, тіршілікке жайлы, сондықтанда осы дала, тарихта талай шайқастардың көзін көрді, қанын сіңірді.

Осы кеңістікте мекендеген халықтың тұрмыс-тіршілігі, салты мен дәстүрі, мінез-құлқы тылсым табиғатпен ұштасып жатыр. Бұл бір жұмбақ әлем. Адамзат мәдениетінің биік деңгейі. Табиғат пен адам заттың үйлесімділігін сақтаған орта. Осы себептіде, айналасын қоршаған жаратылыстармен түсіністікте өмір сүріп келген қазақ халқының тума мәдениетініңде шоқтығы биік, әрі шынайы. Біз қарастырғалы отырған тақырып қазақ мәдениетінің ерекше тұстарын көрсетеді. Қазақ халқына таңылған «Көшпенді», «Номад» дегендей түсініктер бұл халықтың мәдениетнің толық бейнесін көрсете алмайды.

Қазақ қыстаулары отырықшылықтың және мерізім-мезгілмен көшіп жүретін өмір салтының ерекше белгісі. Ш.Ш. Уәлиханов қазақтардағы мал шаруашылығының ерекшелігі туралы айта кетіп қыста қыстаусыз, жазда жайлау мен көктеусіз қазақтың жері қанша үлкен болсада оларды асырай алмауы мүмкін екенін айтады. Қазақ халқының тұрмыс қағидасында табиғатқа, өмірге бейімділіктің сан алуан қырын көре аламыз. Сол себептіде қазақ халқы мәдениетке бай. Шаруашылықтыңда кез келген түрін кездестіруге болады. Яғни бір саладағы мәдениетті қамтымайды.

Қазақ даласында қыстаулар өңірлерге оның климатына, жер-бедеріне, флорасы мен фаунасына байланысты сан түрлі болып келеді.

Алматы облысында      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында «Сәмен батыр» музейі және Алакөл ауданы, Лепсі ауылында Лепсі тарихи музейі салтанатты түрде ашылды.

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Қолөнершілер одағы және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында   «Таңбалы» мемлекеттік тарихи – мәдени және  табиғи музей-қорығының сапар орталығында «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерделеу, түсіндіру және сақтау мәселелері» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік  конференциясы өтті. Конференцияға Әзірбайжанның, Түркияның және Қазақстанның белгілі археолог ғалымдары қатысып, жартас өнерін сақтау мен консервациялау тақырыбындағы құнды пікірлерін ортаға салды. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Көшпенділер» трилогиясының жарыққа шыққанына 50 жыл толуына орай «Көшпенділер» трилогиясы – «Тәуелсіздік жаршысы» атты көрме ашылды. Көрме Ілияс Есенберлин Қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Алматы музейінде «Самаурыныңыз сарқылмасын» атты көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасы аясында киелі мекен Ақтөбе облысында бірқатар ауқымды ғылыми-зерттеу жобалары қолға алынып, жүзеге асуда. Соның бірі — Әмір Едігенің жерленген жерін анықтап, оған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жобаның ғылыми жетекшісі — елімізге белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали. Тарихи маңызы зор бұл үлкен жұмысты Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен бірігіп, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің кешенді археологиялық тобы жүргізуде.

Музей имени Мухтара Ауэзова в Алматы реконструируют спустя 25 лет. Об этом корреспонденту МИА «Казинформ» рассказал директор Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Кенжехан Матыжанов.
В Барнауле появился первый виртуальный музей тюркской культуры. Об этом рассказал один из авторов проекта, профессор Алтайского государственного университета Сергей Грушин, передает ТАСС.

Ақтөбеде радиотехника көрмесі ашылды

Бөлім:  Көрмелер
Сәрсенбі, 13 Қазан 2021 15:35

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттың үнжариясы — радио» атты радиотехникалар көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Медиа

JoomShaper