Анонс


«Қазіргі қоғамдағы музей: жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық конференция өтеді

Жексенбі, 09 Мамыр 2021 15:51
«Қазіргі қоғамдағы музей: жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 185 жылдығына орай «Қазіргі қоғамдағы музей: жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық онлайн конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Мақсаты: музейлер арасындағы өзара тәжірибе алмасу, музей және музей қызметінің дамуындағы жаңа тенденциялармен таныстыру және талдау.

Өтетін уақыты: 17 мамыр 2021ж., сағат 15.00.

Өтетін орны: онлайн конференция ZOOM платформасында өтеді.

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары:

-        «Музей маркетингі»

-        «Музейлердегі цифрландыру тәжірибесі»

-        «Музей экспозицияларын құрудағы жаңа әдістер»

-        «Қазіргі заманғы музей: музей коллекцияларын есепке алу және сақтау»

Конференцияның ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері

Конференцияға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, музей мамандары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, өлкетанушылар  қатыса алады.

Конференция ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Н.Назарбаев даңғылы 184.

Тел.: 8 (7112) 508177,

Тел.: 8 (7112) 505165

 

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

  1. Көлемі суреттерімен қоса 4-7 беттік Times New Roman шрифтімен           (7 минут), 14 кегль, сол жағынан – 3 см, оң жағы – 1,5 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, жол арасы бір интервал. Азат жол  шегінісі – 4 пункт, әр жол – 1,25, азат жол басындағы аралық қалпында.
  2. Баяндама тақырыбы қою шрифтімен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстінгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.
  3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңында реті бойынша тік бұрышты жақшаның ішіне алынып беріледі.
  4. Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға келмейтін сәйкес және мерзімнен кеш жіберілген мақалаларды кері қайтаруға құқылы. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауапты.

Конференцияға қатысу үшін баяндамалар мәтіні ұйымдастыру алқасының  metodotdel_museum@mail.ru  электрондық поштаға 2021 жылдың 12 мамырына дейін жіберілуі қажет. Конференция қорытындысы бойынша жинақ жарық көреді.

Ұсынылған форма бойынша өтініш 

Аты-жөні (толық)

 

Ғылыми дәрежесі

 

Лауазымы

 

Ұйымның толық атауы

 

Баяндаманың тақырыбы

 

Автордың мекен-жайы,

E-mail, телефон/факс

 

 

 

1927 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper