Айтулы мерейтойға арналған көрмені көпшілікке Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ұсынды.
Көрмеде қазақ даласының батырына тиесілі құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер қойылады.
Көрменің ашылуында сөз алған Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің директоры Гүлдария Райымбекова Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай музей қорына күш атасына байланысты өткізілген жәдігерлер алғаш рет Отырар жерінде көпшілікке ұсынып отырғандығын айтып өтті.
Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтарына аталған көрме 1 ай көлемінде ұсынылады.