Анонс
Super User

Super User

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген тағы бір батыр туралы деректі жариялады. Бұл туралы kazmuseum.kz сайтына музей қызметкері Дәулет Қожамұратов хабарлады.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2016 жылы 26 қазанда, сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты» көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Корея Республикасының ежелгі астанасы, әрі ең ірі тарихи орталығы болып табылатын Пуё қаласында Корей мемлекеттік мәдени мұра университетінің «Дәстүрлі мәдениетті оқыту орталығының» ұйымдастыруымен  «Халықаралық Мәдени мұра менеджменті курстары» болып өтті. Курсқа Қазақстан атынан қатысқан ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Айда Көптілеуова аталған шараның маңызы мен мақсаты туралы өз әріптестерімен бөліскенді жөн санапты.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде суретші Қуат Асқаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шексіздік» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі «Түркия күндері» шарасы аясында «Османлы дәуіріндегі сарай киімдері дефилесін» ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНЕСКО тарапынан 2016 жыл - «Ясауи жылы» деп жариялануына орай, қазан айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жанынан «ЯСАУИ МҰРАСЫ» атты республикалық мәдени-танымдық жаңа газет өз оқырмандарына жол тартты, деп хабарлайды kazmuseumkz сайты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2016 жылғы 21 қазанда сағат 10.00-де «ШАҒЫН ЭКСПО-2016»  атты инновациялық жобалар байқауының көрмесі  ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ханбок сиқыры» атты дәстүрлі корей киімдерінің көрмесі ашылды. Көрмені Ұлттық музей мен Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ұлттық музейдің  «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты далалық зерттеулер барысында киімнің тігілмелі алтын әшекейлерін тапты. Аталған зерттеулер халықаралық озық деңгейдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара әріптестік аясында жүргізілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі сағат 11:00-де Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ардагерлерге арнап ақысыз экскурсия өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.    

Медиа

JoomShaper