
Super User
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы альбом-каталог жарыққа шықты (ФОТО)
Шығыс Қазақстан өнер музейінде суретші Шәңгерей Ибраевтың өнер әлемін көрермен мен оқырманға паш ететін альбом – каталогының тұсаукесері болып өтті.
Ұлттық музей қонақтарының басым көпшілігі әйелдер екені белгілі болды
ҚР Ұлттық музейі қонақтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуді қолға алды. Мұндағы мақсат - музейге келушілердің таным-талғамын зерттеп, алған әсерлерін білу арқылы музей қызметінің сапасын арттыру, түрлі тың тәсілдермен түрлендіру, экспозицияны жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Сауалнамаға музейге келушілердің жасын, әлеуметтік деңгейін, парасат-пайымын, музейге келу мақсатын айқындайтын сұрақтармен қатар, олардың тарихи жәдігерлерге көзқарасын анықтайтын сауалдар енгізілген.
Назарларыңызға екі ай ішінде жүргізілген сауалнаманың қорытындысын ұсынамыз. Сауалнамаға жүзден астам қонақ қатысып, сұрақтарға жауап берді. Олардың арасында дипломатиялық миссия өкілдері, мемлекет қайраткерлері, туристер, қала тұрғындары мен қонақтары бар. Бүгінде сауалнама нәтижелері музейге келушілердің құрамы туралы қорытынды жасап, олардың ескертпе-ұсыныстарын талдауға мүмкіндік беріп отыр.
«Астана» Ұлттық сурет галереясы 25 суретшінің туындыларын ұсынды
«Астана» Ұлттық сурет галереясы тәуелсіздік кезеңінде қалыптасып, бейнелеу өнеріне өз үлестерін қосып келе жатқан 25 жас суретшінің туындыларынан көрме ұйымдастырды.
Ұлттық музейде сақталған хат 2041 жылы ашылатын болды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен «Болашаққа хат» капсуласы тапсырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты республикалық көрме-конкурстың қорытындысы жарияланды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен ҚР Ұлттық музейі бірлесе ұйымдастырған, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты республикалық көрме-конкурсы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
ВАКАНСИЯ: Ұлттық музей бос лауазым орындарына конкурс жариялады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне экскурсия жүргізушілер қызметіне (гидтер) қабылдау жарияланады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Жайық өңіріндегі білім беру мекемесінде 122-ші музей ашылды
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазталов ауданындағы Жаңажол орта мектебінде «Тәуелсіздік залы» ашылып, музейдің тұсауы кесілді. Бұл облыстағы мектептерде ашылған 122-інші музей, деп хабарлайды «ЖайықПресс».
Батыс Қазақстан облысында жаңадан тарихи-өлкетану музейі ашылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Батыс Қазақстан облысында Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Музейдің ашылуына Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Иманқұлұлы, «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдырының докторы Әнес Ғарифолла, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлады «ЖайықПресс».
Кейкі батырдың бас сүйегін зерттеген ғалымдар батырдың бет-кескінін толығымен анықтады (ФОТО)
Белгілі антрополог Андраш Жолт Биро аты аңызға айналған Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қожа Ахмет Ясауидiң мұралары Көкшетау музейінде көрмеге қойылды
Көкшетау қаласында облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Әдебиет және өнер» музейiнiң ұйымдастыруымен түркi әлемiнiң рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауидiң 850 жылдығына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: маңыздылығы, сипаты және ғибраты» атты аймақаралық ғылыми конференция болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.