Анонс


Осман патшалары дәуіріндегі сарай киімдері Астана тұрғындарының назарына ұсынылады

Сейсенбі, 18 Қазан 2016 02:32
Осман патшалары дәуіріндегі сарай киімдері Астана тұрғындарының назарына ұсынылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі «Түркия күндері» шарасы аясында «Османлы дәуіріндегі сарай киімдері дефилесін» ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Дефиледе Адана Қолөнер институты дайындаған Османлы дәуіріндегі коллекцияның 40 киім үлгісі көрермендерге ұсынылады. Коллекцияда Османлы киімдерімен қоса бас киімдер және сол дәуірде қолданылған әшекей бұйымдар да бар. 

Дефилені Түркияның Қазақстандағы Елшілігі, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Айта кету керек, аталған коллекция бүгінге дейін АҚШ, Германия, Португалия, Татарстан, Греция, Алжир, Қытай және Голландия сияқты көптеген елде өте үлкен ықыласпен қабылданды.

Кіру тегін. 

Күні: 2016 жылғы 27 қазан, сағат 19.00.

Өтетін орны: Астана, Тұран көшесі № 27, «Portofino» Рестораны.

 

8866 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper