
Super User
Музей – мәдени-тарихи және ғылыми құндылықтарды сақтайтын, жәдігерлер арқылы мәліметтерді жинақтап, зерттеп-зерделеп, бабаларымыздан қалған мұраларды өскелең ұрпаққа мирас етіп қалдыратын, мәдени құндылықтар арқылы рухани нәр беретін тарихи қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты.
Астанада даңқты батырдың ақ сауыты көпшілік назарына ұсынылмақ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде 2016 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойы мен Музейдің ашылғанына бір жыл толуына орай «Ұлы Дала: Әскери тарих» атты ғылыми-практикалық конференция және «Алаш Орда әскері» мен XVI – XVІІ ғасырларда өмір сүрген «Айдарбек батыр Өрісұлының ақ сауыты» тарихына арналған жаңа көрмелерінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
АНОНС: Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жыл толуына арналған көрме ашылады
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда сағат 16:30-де «Тәуелсіздік үшін!» атты 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жыл толуына арналған көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей қазақтың 25 түрлі тағамын көпшілікке таныстырды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиын кезінде музыкалық альбом мен 25 түрлі ұлттық тағам таныстырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Казахстанская правда» газеті Ұлттық музейде көрме өткізді (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Республикалық «Казахстанская правда» газеті» Акционерлік қоғамы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Астанада ұлттық байқаудың қорытындысын жариялайды
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жариялаған «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» ұлттық конкурсына арналған брифинг өткізеді, деп хабарлайды kazmuseumkz сайты.
Ұлттық музей ұжымы салтанатты жиын кезінде қазақтың ерекше 25 тағамын таныстырады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда 16.00-де Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Тек қазақ тілінде ғана жүргізелетін мемлекеттік дәрежедегі арнайы кітап Ұлттық музейге тапсырылды (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының «Даңқ кітабын» тұғырға қою және электронды нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Есік» қорық-музейі экспедиция қорытындыларына арналған көрмесін ұсынды
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Жетісу жартас суреттеріне арналған «Тастар сыр шертеді» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Иманғали Тасмағамбетов Ұлттық музейге ЮНЕСКО сертификаттарын тапсырды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО тарапынан берілген «Қазақ халқының киіз үйі мен айтыс, күй өнерін ЮНЕСКО тізіміне алу туралы өтінімдердің» сертификатын ҚР Ұлттық музейіне табыстады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.