Анонс


Ұлттық музей атақты суретшінің «Рахат өмір» атты картинасын көпшілікке ұсынды (ФОТО) Таңдаулы

Жексенбі, 23 Қазан 2016 02:26
Ұлттық музей атақты суретшінің «Рахат өмір» атты картинасын көпшілікке ұсынды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде суретші Қуат Асқаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шексіздік» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

  Жиында сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов Қуат Асқаров туындыларына ерекше баға беріп өтті.

«Көрменің «Шексіздік» деген атауының өзі Қазақ халқының ғасырлар бойы мәдени байланысының үзілмегендігін, дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетеді. Көрмеген 80-ге жуық көркем туындылар қойылған. Олардың көбісі бірінші рет халық назарына ұсынылып отыр. Асқаровтың еңбектері терең философиялық мәнге бай», – деді Ж.Таймағамбетов.

  Астана қалалық суретшілер Одағының төрағасы Тоқтар Ермеков те көрмеге қатысты пікірін білдірді.

  «Қуаттың жиі-жиі жаңа туындылар жасап жататынына мен таң қаламын. Осындай ойларды, идеяларды қайдан алатынын білмеймін. Бұл суреттердің ішінде пантүркизм, сюрреализм, реализм ағымдарының бәрі бар. Және соның барлығы бір суретшінің қолынан шығып отыр. Бұл Қуаттың шеберлігі», - деді ол.

  Қуат Асқаров (1963 ж.т.) Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін бітірген, 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қарағанды облысы әкімі сыйлығының «Жылдың үздік суретшісі» номинациясы бойынша лауреаты (2014 ж.), Ә. Қастеев  атындағы «Ең үздік туынды үшін» алтын медалінің иегері (2015ж.). Қуат Асқаров – Теміртау қаласының байырғы тұрғыны, ол сол жерде кәсіби суретші ретінде өсіп қалыптасты.

  Қуат Асқаров қазақ мифологиясындағы бейнелер мен желілердің аллегориялық түсініктемесіне сүйене отырып өзіне тән көркем бейнеліліктің соны тәсілін жасады. Суретшінің еңбектері шын мәнінде қазақ мәдениетінің рухымен қоректенген, терең пәлсапалық мәнге толы және көп мәнді нышандарға бай. Суретші дәстүр мен жаңашылдықты, классика мен бүгінгіні үйлесімді байланыстыра отырыпұлттық ерекшеліктің жаңа үлгілерін іздейді.  Мұның арасында бүгінгі Қазақстанның жылнамасы болып табылатын«Туған жер» триптихі, көшпенділердің азапты өмірін көрсететін «Ұршық өмір» полиптихі бар, ол жасаған көркем суреттер көрнекі көрсетеді. Махаббаттың мәңгілік тақырыбы лирикалық «Гауһартас» жұмысында жырланады. Көрмеге сол сияқты автордың балалық әсерлеріне толы «Шаңырақ», «Балалық шақ әуендері», «Аула», «Немере», «Рахат өмір», «Әже» және т.б. тұрмыстық  сюжеттері де ұсынылған.

  Суретшінің туындылары қазақ халқының бай мәдени мұрасын көпшілікке таратады, өз Отанына және ұлттық бастауына деген махаббаты мен құрметін көрсетеді. 

7554 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper