
Super User
Мұратбек Жоламановтың туғанына 50 жыл толуына орай сурет көрмесі өтеді
Астанада батысқазақстандық суретші Мұратбек Жоламановтың туғанына 50 жыл толуына орай сурет көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Жамбыл» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді
«Қазақ энциклопедиясы» баспасы мемлекеттік тапсырыс аясында 2016 жылғы 11 қараша күні Астанадағы «Көрме» орталығында сағат 13.00-де «Жамбыл» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесерін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 2016 жылдың 9 қарашасында сағат 15.00-де «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі, «Bank «RBK» АҚ және «Қазақстан» ҰТРК, Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.
Қазақстанның үздік музейлері белгілі болды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлер арасында ұйымдастырылған «Ең үздік музей» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қызылорда облысындағы ірі тарихи нысандардың бірі - Сығанақ қаласының орны. Талай ғасырды бастан өткеріп, мемлекетке астана, елге пана, қоғамға рухани орталық болған Сығанақ туралы топтастырған 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2016 жылдың 3 қарашасында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Ермахан Бегеновтың «Ұлы дала елі» атты жеке көрмесін ашады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей халыққа «Жан күйзелісін» көрсетті (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде мүсінші Алексей Четвериковтың «Жан күйзелісі» атты көрмесі ашылды. Экспозицияға мүсіншінің ағаш, металл, мәрмәр, сүйек сынды әртүрлі материалдармен жұмыс жасау барысындағы асқан шеберлігін көрсететін 250-ге жуық туындылар қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Алтайдан Дунайға дейін» экспедициясы туралы 10 дерек (ФОТО)
Еуразия даласын мекендеген халықтардың өзара қозғалысына, тарихының ортақтығына әлем жұртының назарын аудару, Еуразияның ежелгі тарихы мен қазіргі Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді насихаттау, халықаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында құрылған «Алтай-Дунай» экспедициясы туралы мәліметтер кімде болсын қызықтырары сөзсіз. Назарларыңызға экспедицияның жүріп өткен жолдары туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
Астана тұрғындары мен қонақтары Н.Назарбаевтың жұмыс бөлмесін тамашалай алатын болды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі осыған дейін келушілер үшін жабық болған залдарды көрермендер назарына ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.