Байқау мақсаты - Алматы қаласының тұрғындарын «Экспо-2017» көрмесіне шығармашылықпен белсене қатысуға шақыру, азаматтардың инновациялық идеяларын қолдау және ынталандыру. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне жергілікті өңірлерді насихаттау және аймақ тұрғындары есебінен қатысушылар санын арттыру.
Көрмеге Алматы қаласындағы 40-тан астам өнертапқыштың жобалары қойылады.
Аталған байқау қатысушылары «Ең үздік өнертабыс»; «Ең үздік өнертапқыш әйел»; «Ең жас өнертапқыш»; «Жас дарын»; «Ең белсенді өнертапқыш» деген аталымдар бойынша бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
Үздік шыққан идеялар мен өнімдер Астанада өтетін «Экспо-2017» көрмесіне жолдама алады.