
Super User
Түркістан музейі ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы ЖОО-да тегін оқитын болды (ФОТО)
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНЕСКО тарапынан 2016 жыл - «Ясауи жылы» деп жариялануына орай, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен халықаралық «Ясауитану» байқауы болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Алматы тарихы музейі мектеп оқушылары арасында ерекше конкурс өткізді
Алматы қаласының 1000 жылдығына орай Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының тапсырысы бойынша, «Алматы қаласы тарихының музейі» жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда оқитын 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» атты қалалық конкурсын өткізді.
Жамбыл облысынан табылған алтын бұйымдар Ұлттық музейге қойылды
ҚР Ұлттық музейінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» атты Жамбыл облысының мәдениет күндерін өткізуге облыс музейлер қорынан ұйымдастырылған «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты көрменің салтанатты ашылуы болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Тараздан табылған алтын бұйымдар Ұлттық музейдегі көрмеге қойылады
ҚР Ұлттық музейінде 2016 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10:30-да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» атты Жамбыл облысының мәдениет күндерін өткізуге облыс музейлер қорынан ұйымдастырылған «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚР Ұлттық музейі байқау жариялайды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін (білдекті (станковый), монументалды-сәндік), инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды., деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей Ақмола облысын зерттеулерді қолға алды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты ұжымы еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуде, оларды сақтау мен насихаттауда жемісті ізденістер атқаруда. Институт алдына қойған мақсатқа сәйкес қабылданған міндеттер кешені әр тарапты жұмыстарды қамтиды. Солардың ішінде тарихи-мәдени мұраны зерттеп қана қоймай, сонымен қатар, құрдымға кетіп бара жатқан асыл жәдігерлеріміз бен нысандарымызды қорғау, оларды уақыт «ажалынан» аман алып қалу.
Ұлттық музейде М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының көрмесі ашылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры музейінің «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей Латиф Хамидидің 110 жылдығын өткізеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де белгілі композитор Латиф Хамидидің 110 жылдығына арналған «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты композиторды еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музейде өтетін конференцияда шетелдегі қандастарымыз музей қорына экспонаттар тапсырады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте сағат 11.00-де ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне арналған «Атамұра ұрпаққа мирас» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі халықаралық байқау өткізеді
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Түркістан қаласында 22-23 қыркүйек күндері 6-11 сынып оқушылары арасында халықаралық «ЯСАУИТАНУ» білім байқауын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.