Анонс
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде итальяндық мозаика мектебі шеберлерінің «Фриули мозаикасы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Италияның Қазақстандағы Елшілігі мен Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 13 қазанда сағат 12:00-де жазушы, филология ғылымының кандидаты, түркітану кафедрасының профессоры,  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  және Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлының «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірігіп 2016 жылғы 12 қазанда сағат 16.00-де дәстүрлі корей киімдерінің «Ханбок сиқыры» көрмесін ашады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 11 қазанда сағат 16.00-де Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған итальяндық мозаика мектебі шеберлерінің «Фриули мозаикасы» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Маңғыстау облысы музейлерінің «Мұралы Маңғыстау» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Ұлттық музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ОҚО, Төлеби ауданында «Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы» тақырыбындағы көшпелі көрмесін өткізді. Көрме экспозициясына қорық-музей қорынан жетпістен аса құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Бейсенбі күні ел тарихына қатысты үлкен бір оқиға өтті. Астанаға Ресейден Кейкі батырдың бас сүйегі әкелінді. Бұған дейін  белгілі болғандай, Ресей мен Қазақстан Үкімет басшыларының кездесуі барысында Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің белгілі көсемінің бас сүйегін елге қайтару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Біз осы тарихи оқиғаға байланысты бүгін ұлт еркіндігі жолында жан қиған ер жайлы мақаланы ұсынып отырмыз. 

Ақтөбеде облыстық тарихи-өлкетану музейі өртенді, деп хабарлады КТК арнасы.

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Торғайдың Өзағасы» атты көрме өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Орман патшасы» атты көрме ашылды. Көрмеге орыс суретшілерінің ең таңдаулы қымбат картиналары қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper