«Алғашқы таралымы 2000 данамен жарық көрген газет «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында көпшілік қауымның назарына ұсынылды.
300 мыңдай тұрғыны бар Түркістан аумағындағы 180 ге жуық мәдени-архитектуралық, зайырлы-діни орындар, 24 мың жәдігер бұл күнде қорық музей есебіне алынған. Өлкенің өткенінен құлағдар етіп, халқымыздың салт-дәстүрінен, әдет ғұрпынан, тамыры терең тарихынан сыр суыртпақтайтын мұндай газет қалың оқырманның сұранысын қанағаттандырары сөзсіз.
А2 форматындағы газет айына бір рет жарық көріп тұрмақ» делінген хабарламада.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің меншікті газеті жарық көрді
Сейсенбі, 18 Қазан 2016 01:16
KAZMUSEUM.KZ -
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНЕСКО тарапынан 2016 жыл - «Ясауи жылы» деп жариялануына орай, қазан айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жанынан «ЯСАУИ МҰРАСЫ» атты республикалық мәдени-танымдық жаңа газет өз оқырмандарына жол тартты, деп хабарлайды kazmuseumkz сайты.