Анонс
Super User

Super User

Құнанбай қажының жиеніне жапқан шапаны мен ер-тұрманы Қытайдың Алтай қаласындағы тарихи музейде сақтаулы тұр. Бұл туралы белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай айтты, деп хабарлады 24kz арнасы.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып Абайдың әжесіне ескерткіш қойылды, деп хабарлады 24.kz арнасы.

Қарағанды облысынан табылған,  қола дәуірінің Беғазы -Дәндібай мәдениетіне жататын үш мыңжылдық тарихы бар қорым сол заманның белгісіз билеушісіне тиесілі деген болжам бар, деп хабарлады «Астана» арнасы.

Әлемге әйгілі ресейлік музейлер - Эрмитаж және Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің мемлекеттік музейі «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «EXPO-2017 Astana» ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Алматы облысының музейлеріне арнап «Музейлерді дамытудың маңызды бағыттары» атты семинар өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Көптен жоспарымда жүрген, жақында Жаңаөзен қаласының музейіне арнайы барудың сәті түсті. Он бес жыл бұрын бірінші рет барғам, ол кезде төменгі кластың оқушысымын. Енді біліп жатырмын, бұл тіпті жеке өз алдына музей де емес екен, Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ғана.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне Башқұртстан Республикасынан, Челябинск, Мәскеу, Ульяновск облыстарынан әлуметтік туризм бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар қауымы келді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.  

«Атамекен» Қазақстан картасы» музей-кешінің конференц залында 17 тамыз күні сағат 09:30  «ЭКСПО-2017 – қолөнерді дамыту мен кәдесый бұйымдар өндірісінің әлеуеті» атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейінің әкімшілігі қазақтың Кейкі батыры мен Кенесары ханының бас сүйектерін қайтару мәселесіне орай ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

«Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы 2007 жылы ашылды. Орталықта отандық және шетелдік суретшілердің көрмелері, шеберлік дәрістері жиі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ үлкендерге және балаларға арналған бейнелеу өнерінің студиялары жұмыс істейді. «Құланшы» орталығы ерекше қажеттіліктері бар қала тұрғындары үшін де есігін айқара ашады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Медиа

JoomShaper