Анонс
Super User

Super User

Ханой қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мен Вьетнам тарихы Ұлттық музейінің директоры  Нгуен Ван Куонг екі музей арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы Берел жазығында Қазақстанда баламасы жоқ ашық аспан астындағы музей ашылды. Келушілер 8,5 метр тереңдікке түсіп, құнды археологиялық қазбаларды жақыннан көре алады. Музейдің ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметов уәде берген болатын, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Соғыс балалары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрмені Ұлттық музей Қазақстандағы Испания Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.   

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ғасырлар алтыны. Ұлттық музейдің алтын және күміс бұйымдарының топтамасы» және «Ұлттық музей топтамасындағы қазақтың зергерлік өнері» атты екі каталог «Қазына» сериясымен басылып шығарылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Ұлттық музей мен Испанияның Қазақстандағы елшілігі  бірлесе ұйымдастырған  «Соғыс балалары» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы  8 қыркүйекте сағат 15.00-де «Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы және исламдағы қазіргі бағыттар» атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада ондаған жылдар бойы сақталған Кейкі батырдың бассүйегі жуық арада Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Мәскеуде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әріптесі, Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединскиймен өткен кездесуде белгілі болды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстандағы Беларусь Елшілігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында 2016 жылдың 9 қыркүйек күні сағат 17.00-де  Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің қорынан ұйымдастырылған  «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке»  атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен  «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ 2016 жылдың 7-9 қырқүйегінде Алматы қаласында «Мемлекеттік архивтердегі ғылыми-техникалық құжаттамалар» атты  Халықаралық конференция және Республикалық семинар өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің арасында 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.  Құжатқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР МжС министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медиа

JoomShaper