Анонс


Ұлттық музейдің ғалымдары Алматы облысындағы тарихи ескерткіштерді ерекше әдістермен зерттеуде (ФОТО) Таңдаулы

Сейсенбі, 18 Қазан 2016 00:35
Ұлттық музейдің ғалымдары Алматы облысындағы тарихи ескерткіштерді ерекше әдістермен зерттеуде (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлттық музейдің  «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты далалық зерттеулер барысында киімнің тігілмелі алтын әшекейлерін тапты. Аталған зерттеулер халықаралық озық деңгейдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара әріптестік аясында жүргізілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Корея Республикасының Мәдени мұраларды зерттеу ұлттық институтымен жасалған«Қазақ-корей бірлескен зерттеулері» атты ғылыми жобасы аясында биылғы жылғы далалық зерттеу жұмыстары Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылдық округінде орналасқан сақ-үйсін кезеңінің Қатартөбе обаларында жалғастырылды.

Ғасырлар сырын ішіне бұғып жатқан Қатартөбе обалары

Халықаралық ғылыми жобаның қазақ тарапынан жетекшісі Ақан Оңғарұлы жобаның  бағыттары туралы айтыа берді.

«Жоба ежелгі Үйсін мен Силла мемлекеттерінің арасындағы мәдени-тарихи байланысты зерттеуге бағытталған. Бұл байланысты қозғалмайтын мұраларды – жерлеу ескерткіштерін бірлесе зерттеу арқылы ашпақ ниеттеміз.  Зерттеу объектісі ретінде Солтүстік Тәңіртаудың Шәлкөде жайлауындағы ж.с.д. IV–II  ғасырларға жататын, қатарласа орналасқан обаларды таңдауымыздың сыры да осында», - дейді Ақан Оңғарұлы.

Қазіргі таңда соңғы озық технологиялық жетістіктерді қолдана отырып, мол мағлұмат алу, ескерткішті сақтау және қайта қалпына келтіруге ерекше мән берген кешенді зерттеулер жүргізілді. Мәселен, биылғы геосканерлеу арқылы қатарласа жатқан обалардың айналасынан көзге көрінбейтін көптеген жерлеу және ғұрыптық құрылыстар анықталды.

Бір тізбекте орналасқан екі обаны (№ 8 және № 10 обалар) зерттеудің нәтижелері әр обаның құрылысы, ондағы атқарылған жерлеу рәсімдері мен ғұрыптардың бірі-біріне ұқсамайтындығын тағы да айғақтады.

Далалық зерттеулер барысында киімнің тігілмелі алтын әшекейлері, қола айналар, сүйек жебелер, темір бұйымдар және қыш ыдыстар сынды құнды жәдігерлер де табылды.

 

Бірнеше құрылыс кезеңінен тұратын, тас жабындылы № 10 оба

 

Дара тұлғаның құрметіне салынған обаның құрылысы мен ондағы бөрене жабындылы қабір

 

Топырақ үйінділі № 8 обаның астындағы, өзара жер асты жолдарымен жалғанған

үш адамның жерлеулері

№ 8 обадағы үшінші оңтүстіктегі жерлеу.

Адамның бас жағына қойылған қыш ыдыстар

 

Фото: Ұлттық музей. 

3281 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper