Анонс
Super User

Super User

Атырау облысы Индер ауданынан шығысқа қарай 8 шақырым қашықтықта «Димаш төбе» атты ашық аспанастындағы қазба байлық музейінің жобасы дайын. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әли Жайшылық мәлім етті, хабарлады «Ақ Жайық» басылымы.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде 2024 жылғы 3 тамыз күнгі сағат 15.00-де Қытайдың әйгілі суретшісі Цао Чжэнчунь және заманауи суретші Таңбол Тұрсынғалидың туындыларынан тұратын «Жібек Жолы сапары» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Театр десе, көз алдымызға сахнадағы саф өнер, әртістердің түрлі образы, шымылдық, жарық пен айрықша музыка келері анық. Алайда театр көрермені шымылдықтың ар жағындағы қайнап жатқан тіршіліктен бейхабар. Әрбір спектакль – актер мен режиссердің ғана емес, драматург, суретші, бутафор, жарық қоюшы, гример, костюм дизайнері, тігін және өзге де мамандық иелерінің бірлескен ұжымдық жұмысы. Қандай да бір қойылым көрерменнің жүрегіне жол тауып жатса, оның артында аты аталған және аты аталмаған сахна мамандарының тынымсыз еңбегі жатыр. Бүгінгі оқиға ертең тарихқа айналатыны сөзсіз. Сол секілді сахна өмірінің өткені мен бүгінін бір сәтін де қалт жібермей, тарихын түгендеп отыратын театрдың ерекше бөлімі бар. Ол – театр музейі.

ХІ–ХІІ ғасырлармен мерзімделетін Айша бибі кесенесі – сәулет өнерінің үздік нұсқасы. Ескерткіш Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан. Біздің ғажап өлкемізге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші Айша бибі кесенесіне ат басын бұрмай өтпейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей музейін аралады. Бас мүфти музейдегі тарихи жәдігерлермен, жергілікті халықтың салт-дәстүрімен танысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық  музейінде «Қазақтың дәстүрлі егіншілік мәдениеті» атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі   Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығы.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға бұйрық мәтінін ұсынамыз.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Рухани қазына – 2024» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінің республикалық кезеңінің өтетін уақытын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының Кеңес Одағының батыры, академик М.Ғабдуллин музейі 2024 жылғы 20 қыркүйекте тұлғалық музейлер арасында «Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper